"Жасына сай емес": Қысқа юбка киген Жанар Айжанованы ел сөгіп тастады (видео)
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші әрі актриса Жанар Айжанова көпшілік алдына жаңа образда шығып, елден оңбай сөз естіді. Желідегілер 52 жастағы шоу-бизнес жұлдызының жасына сай емес киінгеніне шүйліккен. Олардың ойынша, мұндай заманауи киім үлгісі аса ерсі көрінеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ғаламтор кеңістігінде Жанар Айжанованың қысқа былғары юбкамен майыса билеп тұрған видеосы тарап кеткен. Бейнежазбада эстрада жұлдызының жас қыз секілді киініп алғанын байқауға болады. Ол қасында тұрған әнші Дана Кентайдың құрбысы сияқты көрініп қалған.
Аталмыш видео желідегілер арасында бірден қызу талқыланып, сансыз жағымсыз пікір жинады. Халықтың басым көпшілігі жасы 50-ден асқан адамдардың мұндай киім үлгісімен жүргеніне қарсы болып шықты. Олар көпке сыйлы әртісті сынап, оған жасына сай киініп жүрген анағұрлым жарасатынын айтты.
"Масқара Жанарға не болған" , "Адам қарауға да ұялады екен" , "Осындай киім кисе кисін, бірақ неге бірден бұралақтап кетеді осы" , "Жараспайды жасына лайық емес" , "Адамға ақыл айтады ғой бұл кісі. Өзіне де шамалы керек сияқты" , "Бел қайда? Белді шығару керек" , "Кәрі түйе құтырса жұт болады" , "Қызын ұзата алмай жүр екен ғой. Ал мынау берген үлгі-өнегелері енді- деп жазуда желі қолданушылары.
Айта кетейік, күні кеше Гүлнұр Оразымбетованың мұрағаттан деп жариялаған видосына байланысты тексеріс басталғанын хабарлаған едік. Ақтөбе қаласының санитар дәрігерлері өнер иесі ән салған тойдың қайда және қашан өткенін анықтауда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1879220-zasyna-saj-emes-kyska-ubka-kigen-zanar-ajzanovany-el-sgip-tastady-video/