Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі National Geographic журналы Алматы облысындағы Тамғалы тастың құпиясын сөз етті

Опубликовано:

Тамғалы тас
Фото: MARINA PISSAROVA/ALAMY/ACI

Әлемдік дәрежеде беделге ие National Geographic журналы Алматы облысында орналасқан Тамғалы тас петроглифтері туралы ауқымды мақала жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

"Бақсылар, күн құдайлары, сарбаздар: қола дәуірінің мыңдаған петроглифтері бұл көне мекенді айшықтай түседі. Қазақстандағы Тамғалы шатқалының суреттеріне 3500 жыл болған және олар өз дәуірінің қоғам айнасы іспеттес", - деп мақаласын бастайды журнал авторы.

National Geographic журналы Тамғалы тастағы петроглифтерге кеңінен тоқталып өткен.

Тамғалы тас
Фото: TOM TILL/ALAMY/ACI
"Қазақстанның бұрынғы астанасы Алматыдан шамамен 170 шақырым қашықтықта орналасқан Тамғалы - ерекше мекендердің бірі болып табылады. Көне заманның адамдары жартастарға 5000-нан астам сурет салып, өз ізін қалдырып кеткен. Петроглифтерде күн құдайларынан бастап, аттағы сарбаздар, билеп жүрген бақсылар мен жануарларға дейін бейнеленген", - деп жалғастырды басылым.

Журнал Тамғалы шатқалының тастағы суреттерін тұңғыш рет 1957 жылы археолог Анна Максимова бастаған Жетісу отряды ашқанын сөз етіп, жартастағы ең көне 3000 петроглифті бес топқа бөлуге болатынын жазған.

Тамғалы тас
Фото: KEREN SU/ALAMY/ACI

Мақала авторы әр топтың петроглифтері несімен ерекшелетінін тізбектеп, суреттердің құпиясы әлі толықтай ашылмағанына баса назар аударды.

"Замануи ғалымдар көптеген ғасырларды қамтитын бұл суреттердің құпиясын әлі де толық ашпады. Бұл мекен 2004 жылы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұрасының тізіміне егеннен кейін суреттерді жан-жақты сараптаған зерттеушілер Алексей Рогожинский мен Ренато Сала қола дәуіріндегі суреттерді одан да көп топтарға бөлуге болатынын аңдаған. Тамғалының ғажайыптарын зерттеушілер петроглифтерді жеке сурет ретінде қарастыруға болмайтынын, оларды ортақ мән-мағынасы бар бүтін дүние ретінде қарастыру керектігін айтуда", - деп ойын түйді мақала авторы.
Тамғалы тас
Фото: KEREN SU/ALAMY/ACI

Еске салсақ, 2015 жылы алматылық кондуктор National Geographic-тің арқасында танымал болған еді. Ол бұл жайтқа қатысты өз пікірімен бөліскен болатын.

Одан бөлек, қазақтың киіз үйіне тәнті болған америкалықтар заманауи ғажайып үй тұрғызып жатқаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879311-jgili-national-geographic-zurnaly-almaty-oblysyndagy-tamgaly-tasty-kpiasyn-sz-etti/

pixel