RU

Көкшетауда ер адам бойжеткенді зорлап, телефонын ұрлап кетті

Зорлау
Көрнекі фото: ktk.kz

Көкшетауда ер адам бойжеткенді зорлап, ұялы телефонын ұрлап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер күдіктіні қолға түсірді.

"Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне 20 жастағы қыздан арыз түсті. Ол 2020 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 07:30 шамасында Жамбыл-Сәдуақасов көшелерінің қиылысында белгісіз азамат ашық түрде пышақпен қорқытып, Samsung маркалы ұялы телефонын ұрлағанын және өзіне жыныстық сипаттағы зорлық көрсеткенін айтты",- деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша облыстық ПД жеке құрамы тез арада іске кіріскен. Олар қылмыс орын алған аудандағы бейнебақылау камераларын, ЖБО камераларын қараған. Сондай-ақ, сипаттамасы бойынша ұқсас полиция есебінде тұрған 26 адамнан құралған контингентті пысықтаған.

14 қазан күні өткен жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде аталған қылмысты жасады деген күдікпен Зеренді ауданындағы ауылдардың бірінде 30 жастағы азамат ұсталды. Ол өз кінәсін толығымен мойындады.

Полицейлер азаматқа қатысты ҚР ҚК 120- бабы 2- бөлімі (Зорлау) мен ҚР ҚК 192- бабы 2- бөлімі (Қарақшылық) бойыншы қылмыстық іс қозғады.

Айта кетейік, осыған дейін "НеМолчи.kz" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Алматыда 26 қыркүйек күні болған жантүршігерлік қылмыс жайлы баяндады. Айтуынша, таныстары 33 жастағы әйелді аяусыз зорлап, видеоға түсірген.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1880036-kksetauda-er-adam-bojzetkendi-zorlap-telefonyn-rlap-ketti.html