RU

Елордада тұрғын үйден өрт шығып, екі адам көз жұмды

өрт сөндіру қызметі
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Нұр-Сұлтандағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, оқиға салдарынан екі адам қаза тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттің жалпы аумағы он шаршы метрге жеткен.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар бесінші қабаттағы пәтердің отқа оранғанын көрген.

Тек бір сағаттан кейін ғана жалынды ауыздықтау мүмкін болған. Өртті сөндіру кезінде 43 жастағы ер адам мен 71 жастағы әйелдің денесі табылды.

"Өрт сөндірілмеген темекіден шыққан. Шаршаған немесе мас күйде шылым шекпеңіздер. Ешқашан темекіні сөндірмей қалдырмаңыздар, сіріңке мен темекі тұқылын жерге тастамаңыздар. Өзіңізді және жақындарыңызды қауіп-қатерден сақтауға ерінбеңіздер. Шылымды сөндіргеннен кейін оның күлін бірден қоқыс жәшігіне тастауға асықпаңыздар", – деп ескертті департамент өкілдері.

Өртті сөндіруге қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 14 қызметкері мен 3 техника бірлігі жұмылдырылған. Оларға полицейлер мен жедел жәрдем мамандары көмектесті.

Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында иіс газынан уланған 7 және 15 жастағы қыздардың көз жұмғанын жазғанбыз. Құтқарушылардың айтуынша, олардың өліміне үйдегі пеш себеп болған.

Сондай-ақ жақында Тараз қаласында тұрғын үй өртке оранып, соның салдарынан екі және үш жастағы балалар қаза тапқан еді.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1880162-elordada-trgyn-jden-rt-sygyp-eki-adam-kz-zmdy.html