Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараз қаласында тұрғын үй өртке оранып, екі кішкентай бала қаза тапты (видео)

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін Тараз қаласында тұрғын үй өртке оранып, соның салдарынан екі және үш жастағы балалар қаза тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Жамбыл облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

2020 жылдың 1-ші қазанында сағат 09:57 минутта полицияға, Тараз қаласы Ақмола көшесінде өрт орын алғаны туралы хабар келіп түсті.

Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер өртті сөндірген.

Тексеру барысында полицейлер 2017 және 2018 жылы туылған екі кәмелетке толмағанның мәйітін тапқан.

Болжам бойынша өлім – өрт нәтижесінде иіс газынан уланудан болған.

Осы дерек бойынша қылмыстық кодекстің 292 бабы 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған (екі және одан да көп адамның өліміне апарған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу).

Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ балаларын тұрмыста өзін ұстаудың қауіпсіздік ережелеріне үйрету қажеттігіне шақырады.

Айта кетейік, осыған дейін Қарағанды қаласының өрт сөндірушілері қаланың орталығындағы өртеніп жатқан пәтерден ер адамның мәйітін тапқанын жазғанбыз. Олар 3 адамды құтқарып, үйдің 9 тұрғынын эвакуациялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1877278-taraz-kalasynda-trgyn-j-rtke-orandy-eki-bala-kaza-tapty-video/

pixel