RU

2020 жылдан әбден мезі болған жұрт жаңа жылға дайындықты бастап кетті (фото)

Жаңа жыл
Көрнекі фото: pixabay.com

"Кеселге толы 2020 жылдан" әбден мезі болған жұрт келесі жылды күтіп алуға дайындықты қазірден бастап кеткен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы thesun.co.uk басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлыбританиялық таблоидтың жазуынша, көпшілік 2020 жылды ең жақсы жыл емес деп санайды және тұрғындардың дені бұл жылмен қош айтысатын күнді асыға күтіп жүрген көрінеді.

Шырша
Фото: thesun.co.uk

Мәселен, Mrs Hinch Made Me Do It атты Facebook парақшасында желі қолданушыларының бірі өзінің үйіндегі шыршаны жаңа жылға қарсы қалай безендіріп қойғанын көрсететін суреттермен бөліскен.

Осылайша, ол өзіне жағымсыз әсер қалдырған 2020 жыл аяқталуға шақ қалғанын күнде есіне салып отырғысы келген екен.

Шырша
Фото: Tannis Dean

Оның фотосынан екі ақ жаңа жылдық шырша барынша безендірілгенін байқауға болады. Фотомен бөліскен тұрғын өзінің жылды тезірек аяқтауға асығып жатқанын мойындап, оған күлмеуін өтінеді.

"Әлі қазан айы екенін жақсы білемін, ерте бастап қойғанымды да ұғып тұрмын. Десе де бұл жыл сондай жағымсыз болды. Сөге көрмеңіздер", - деп жазған ол.
Жаңа жыл
Фото: thesun.co.uk

Бір қызығы өзге желі қолданушылары оның бұл әрекетін оғаш деп санамайтынын аңдатқан. Себебі, жүздеген өзге тұрғын жаңа жылға ақырындап дайындықты бастап кеткендерін алға тартыпты.

Еске салсақ, бұған дейін біз коронавирус кезінде әлем елдері үйлену тойын қалай өткізіп жатқанын жазған едік.

Одан бөлек, қазақтың киіз үйіне тәнті болған америкалықтар заманауи ғажайып үй тұрғызуға кіріскенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1880502-2020-zyldan-bden-mezi-bolgan-zrt-zaa-zylga-dajyndykty-bastap-ketti-foto.html