Ақжарқын Тұрлыбай: Мен кінәлі емеспін, берік болыңдар
Жарияланған күні:
Қытайда есірткі тасымалы үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы қызының денсаулығы нашарлап бара жатқанын айтты.
Бұл туралы Today.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Зухра Сейтімова аппеляция өтетін уақыт белгіленген соң, тағы бір мәрте Қытайға барып келмек. Ал осыған дейінгі сапарында бір рет те болса қызын сыртынан көріпті.
«Ақжарқынның денсаулығы нашарлап барады. Әсіресе, көзінің көру қабілеті төмендеген. Ол бұрын көзілдірік киіп, линза тағатын. Көзінің көру нашарлығы бұрын -1,5 болатын, қазір -3,5 ке дейін көтерілген. Мені көріп бар болғаны «Мама, менің кінәм жоқ. Берік болыңдар!» деп үлгерді», - дейді Ақжарқынның анасы Зухра Сейтімова.
Бүгінде Зухра Сейтімова Ақжарқынға телефон арқылы бағыт беріп отырған Алена, Джонни және Дина есімді күдіктілердің ұсталмай отырғанына өкінеді. Олар Ақжарқынды брендтік киім әкелесің деп Қытайға жіберіп, телефон арқылы нұсқау беріп отырған.
Еске сала кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай африкалық есірткі мафиясының кезекті құрбаны болып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/835168-aqzharqyn-turlybay-men-kinali-emespin/