jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматыда "Чукотка" барындағы төбелеске сот қайта сараптама тағайындады

    : UGC

    Алматының қалалық сотында Александр Кузнецовтың ісі апелляциялық тәртіпте қаралып жатыр, деп хабарлайды today.kz сот залынан.

    Қарастыру барысында сот - медициналық, соттық криминалистикалық және биологиялық сараптаманы қайталап өткізуді бекітті. Тыңдау уақыты да ауыстырылды.

    Сараптаманы қайта жүргізуді зардап шеккен жақ сұрады. Олардың мәліметінше "өлім (Сырым Мұратқалиевтың) бұрын айтылғаннан гөрі ауыр жарақаттардан, қан кетуден болған". Мұның алдында Кузнецов айтып берген үш-төрт соққы айтылған болатын.

    Сондай-ақ зардап шеккен жақ "Болған жайттан кейін Кузнецов кешірім сұрап, өкінген жоқ" дейді. Сотталушы өзінің кінәлі еместігін айтады

    "Мен қорғандым және Конституция бойынша өз құқықтарым үшін өтеу төлеуім керек емес", - деуде.

    Естеріңізге салсақ, осы жылдың маусым айында Александр Кузнецов абайсызда Сырым Мұратқалиевты өлтіріп алғаны үшін қоныс-колониясына бір жарым жылға сотталған болатын.

    Төбелес 2015 жылдың 7 наурызында орын алған. Ол күні Александр Кузнецов достарымен "Чукотка" барында демалып жүрген, ол Сырым Мұратқалиев және Евгений Фроловпен сөзге келіп қалған және сыртқа шыққан соң жанжал төбелеске ұласқан.

    Куәгерлердің айтуынша, төбелес кезінде Кузнецов бірнеше рет Мұратқалиевты бетінен ұрған, содан ол есеңгіреп барып шүйдесімен асфальтқа құлаған.

    29 маусым күні Алматының Медеу ауданының соты Кузнецовты Қылмыстық кодекстің 104-бабы "абайсызда өлтіріп алу" бойынша қоныс-колониясына 1,5 жылға соттаған болатын.

    Алматыда "Чукотка" барындағы төбелеске сот қайта сараптама тағайындады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.