Астанада жоғалып кеткен студенттің мәйіті табылды
Жарияланған күні:
Астанада полицейлер жоғалып кеткен медициналық университет студентінің мәйітін тапты. Бұл туралы жергілікті ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Ағымдағы жылдың 10 ақпан күні шамамен сағат 22:00-де жедел іздестіру шаралары барысында 1992 жылы туылған Ерасыл Әубәкіровтің денесі табылды", — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полиция мәліметіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасады деп айыпталған үш күдікті құрықталды. Олар Астана қаласының ІІД оқшаулағышына қамалған.
Сот медициналық сараптама тағайындалып, соталды тергеу жүргізілуде.
Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желілерде 23 жастағы медициналық университеттің 6-шы курс студенті Ерасыл Әубәкіровтің іздестіріліп жатқаны туралы хабарлама тараған болатын. Жас жігіт үйінен "тірлігім бар" деп шығып кетіп, қайта оралмаған.
Сонымен қатар Ерасыл Әубәкіровтың анасы ұлын ұрлап кеткен болуы мүмкін жандарға қаратып мәлімдеме жасаған болатын.
"Оны біреу ұстап тұрса, егер ол сіздерге қарыз болса, онда ол шағым жазбайды. Ол қарызды қайтарып, Ерасылдың барлық уәдесін орындайды", - деген Ерасылдың анасымен жүргізілген 20 минуттық әңгіменің үзіндісін Instagram-дағы парақшаның әкімшісі келтірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1042391-astanada-zhoghalyp-ketken-studenttinh-m/