Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Bek Air компаниясының ұшағы Астана әуежайына алдыңғы шассисіз қонды (фото, видео)

Опубликовано:

Астанаға Қызылордадан ұшып келген Bek Air әуекомпаниясының ұшағы апатты жағдайда қонды. Қону кезінде ұшақтың алдыңғы дөңгелегі істен шыққан деп хабарлайды NUR.KZ сенімді дереккөзі.

Оқиға сағат 10.30 шамасында болған.

Куәгердің айтуынша, оқиға орнына дәрігерлер мен өрт сөндірушілер келген.

"6 өрт сөндіру көлігі қайтадан қалаға қарай шығып кетті. Сондай-ақ, бірнеше жедел жәрдем көлігі келді", - дейді куәгер.

FlightRadar мәліметі бойынша, Ақтаудан Астанаға қатынауы тиіс кезекті рейс Қарағандыға жіберілген. Сондай-ақ, әуекомпанияның Астанадан ұшуы тиіс рейстері кейінге шегерілген.

NUR.KZ оқиғаны назарда ұстайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1082104-bek-air-kompaniyasynynh-ushaghy-astana-auezhayy/

pixel