Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалым Өтеген Күмісбаев өмірден озды

Жарияланған күні:

Ақын, филология ғылымдарының докторы Өтеген Күмісбайұлы Күмісбаев 77 жасында дүниеден өтті деп хабарлайды BNews.kz.

Өтеген Күмісбаев 1939 жылы 20 мамырда Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мәдениет ауылында туған.

1963 жылы ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) филология факультетін бітірген. Қазақстан жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бөлімінде, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») және «Қазақ әдебиеті» газеттерінде (1963–69), КСРО Ғылым Академиясының Шығыстану институтында (1969–74) қызмет атқарған.

1974 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, ҚазҰУ-де оқытушылық қызметте болды.

1989 жылы «ХІХ–XX ғғ. қазақ және парсы әдеби байланыстары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

Алғашқы өлеңдер жинағы «Тұңғыш» деген атпен 1964 жылы жарық көрген. Поэзия, проза және аударма (Ә.Х.Дехлеви, М.Рыльский, Р.Ғамзатов, Қ.Күлиев, В.Рождественский) саласында жемісті еңбек еткен. Шығыс және қазақ әдебиетінің байланысын зерттеуге арналған «Терең тамырлар», «Абай және Шығыс» (1995), «Мұхтар Әуезов және әдебиет әлемі» (1997), т.б. монографиялары жарияланды.

Күмісбаев 500-ден астам ғылыми мақаланың авторы. Жазушының кейбір туындылары қырғыз, башқұрт, украин, беларус, ағылшын, поляк, араб тілдеріне аударылған. Қазақстан журналистер одағы сыйлығын алған.

Тағы да оқыңыздар:

Мұхамеджан Тазабек: Бізді сәләф дейтіндер отпен ойнап жүр

Түркия ауруханасында дүниеге келген нәрестеге қомақты қаржы қажет

Сарапшы: Лаңкестерге сырттағы шейхтары "өз елдеріңде күресіңдер" деген тапсырма беруі мүмкін

Елімізде сүт өндіретін компаниялар өнім құрамына түрлі қоспа араластырып, жұртты алдаған

Сұлтанов сыйлыққа салық салу ойынан айнып қалды

Атышулы Тоқтар Төлешов 4 әйеліне ай сайын 200 млн жалақы төлеп келген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1173861-ghalym-otegen-kumisbaev-omirden-ozdy/