Көкшетауда жоғалып кеткен жігіттің денесі бөлшектелген күйінде табылды
Жарияланған күні:
Көкшетауда із түссіз жоғалып кеткен 27 жастағы ер адамның азаптап өлтірілген мәйіті табылды.
Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады деп жазады Қазақпарат.
Полицейлердің мәліметі бойынша бүгін сағат 10:08 шамасында Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне із түссіз жоғалып кеткен 27 жастағы Николай Кулаковскийді іздестірген криминалды полиция қызметкерлері хабарлаған. Кылшақты өзені жағасынан табылған оның денесінде азаптап өлтірілгенін айғақтайтын белгілері бар.
Қазіргі кезде аталған оқиға байланысты ҚР ҚК 99 бабының 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары қолға алынған.
Еске сала кетейік, 1989 жылғы Кулаковский Николай Николаевич ағымдағы жылдың 18 маусымында Көкшетаудағы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған болатын. Оның жоғалғаны туралы туыстары 4 күн өткен соң полицияға хабарласқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1177017-kokshetauda-zhoghalyp-ketken-zhigittinh-d/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.