Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда латвиялық альпинист құзға құлап, қаза болды (фото)

Опубликовано:

Іле Алатауында қаза тапқан альпинистің мүрдесі Алматыға жеткізілді. Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдайлар Комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

«Бүгін 12 сағат 30 минутта ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің Республикалық жедел-құтару отряды Мемлекеттік мекемесіне «Пионер» шыңына шығып жатқан сәтте 1987 жылы туған латвиялық альпинистің құзға құлап кеткендігі туралы хабар келіп түсті», - деп хабарлады Иманқұлов.

«12 сағат 45 минутта ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің республикалық жедел-құтқару отрядының 7 адамнан құрылған құтқару тобы іздеу шарасына шықты. 13 сағат 20 минутта құтқарушылар тобына құлаған альпинистің қаза тапқандығы туралы хабар келіп түсті. Ал, 14 сағат 40 минутта құтқару тобы Пионер шыңының етегіне келіп, альпинистер тобымен кездесті. Құтқарушылар тобы қаза тапқан альпинистің денесін Тұйықсу шатқалындағы мемориалға жеткізді. Көп ұзамай бұл жерге Алматы қаласының Медеу аудандық ІІБ жедел полиция қызметкерлері келіп жетті», - делінген хабарламада.

17 сағат 10 минутта қаза тапқан альпинистің мүрдесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Тағы оқыңыздар:

Айдос Сарым қазақ-түрік лицейлерін "Алаш лицейлері" деп атауды ұсынды

Үнділікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы еліне оралғысы келетінін айтты (фото)

Ақмола облысында туу туралы куәлікке әлі күнге дейін ҚазКСР деп жазылуда (фото)

Мұрат Телібеков ислам әлеміне кір келтіргені үшін Ердоғанның үстінен арызданбақшы

NUR.KZ-тегі мақаладан соң ОҚО-дағы 6 балалы анаға кәсіпкерлер үй салып берді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1207294-almatyda-latviyalyq-alpinist-quzgha-q/

pixel