Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Куәгер: Есікте топ болып қыз зорлағандардың бірі ірі шенеуніктің күйеу баласы болуы мүмкін (видео)

Опубликовано:

Мужчина стоит в строгом костюме
Иллюстративное фото: pexels.com

Алматы облысы Есік қаласында болған зорлаудағы басты күдікті шендінің ұлы болуы мүмкін. Бұл туралы оқиғаның куәгері мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы exclusive.kz сайтына сілтеме жасап.

Ескертпе: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі.

Exclusive порталының тілшісі Есіктегі атышулы қылмыстың куәгерінен сұхбат алды. Болат Мусинов есімді азамат полицияға күдіктілерді өзі құрықтап, тапсырған болатын. Оның айтуынша, полицейлер күдіктілерді бірден жіберіп қоя берген.

Болат бойжеткенді зорлағандардың бірі ауданның ірі шендісінің күйеу баласы деген сыбыс тарап кеткенін алға тартты.

Оқиға куәгерлері бұл жайтты Алматы облысының емес, тікелей Алматының тергеушілері өз қолына алғанын қалайды. Олар полицейден бөлек, медсараптама әзірлеуші қызметкер де басты күдіктінің туысы болуы мүмкін деп күдіктенеді.

«Бізді Алмаз есімді күдікті ауданымыздағы ірі шендінің күйеу баласы деген ақпаратқа сендіруде. Бұған әбден сенуге болады. Себебі, оны құрықтаған кезімізде Алмаз АІІБ қызметкерімен бірге болды. Мен одан қарындасым қайда деп сұрағанда, маған көлікті көрсетті. Көлікке кіргенімде, онда үш адам отырды. Ал Жібек артқы орындықта жалаңаш күйде болды. Мен оны киіндіріп жатқанда, ол зорланғанын айтты. Жібек "өзін зорлағаннан кейін өлтірмек болғанын" да айтып берді", - дейді Болат Мусинов.

Зардап шегушінің ағасы күдіктілер соққыға жығылған куәгерге өз арызын кері қайтармаған жағдайда өлтіретінін айтып, қоқан-лоққы көрсетіп жатқанын айтуда.

«Оған қоңырау шалып "Егер арызыңды кері қайтармасаң, сені өлтіреміз, өз жақындарың мен ата-анаңды да ойла" деп қорқытқан. Ол болса, бұл сөздерден кейін арызын қайтаруға шақ қалды", - дейді зардап шегушінің ағасы.

Болат Мусиновтың сөзіне сенсек, Есік қаласының полициясы медициналық сараптама нәтижелерін осымен үшінші рет ауысып отырған жаңа тергеушіге әлі күнге дейін бермеген. Зардап шегушінің киімін полиция алып алған, ал күдіктілерді киімімен және көлігімен қоса үйіне жібере салған.

«Біз қылмыстық істі Алматыға ауыстырғанын қалаймыз. Себебі, біз сараптамадан келгенше олар бар қылмыстың ізін жасырып, киімдері мен көліктерін жуып үлгерген. Ал полицейлер бүгінде заң бойынша бұл үшін қамауға алынбайтынын және оларды ешқайда шықпау туралы қолхатпен үйге жібергендерін алға тартты, алайда олар ештеңеге қол қойған емес», - дейді Болат Мусинов.

«Алмаздың (басты күдікті) туысы емханада жұмыс істейді деп жатыр. Біз сол емханада сараптамадан өткен болатынбыз», - дейді куәгер.

«Мен келесі күні келдім. Полицейлердің тарапынан заң бұзылғанының куәсі болдым. Менің көзімше, АІІБ аймағына жуылған көлікті енді кіргізіп жатты. Оны тәркіге алып, тексеруі тиіс болатын. Алайда олар еш әрекет етпеген. Жібек орнынан қозғала алмайтын күйде болды. Ал маған (полицейлер - ред.) бәрін түк болмағандай етеміз деп ашық айтты. Біз жеке клиникада сараптама жасатпақ едік, олар түбегейлі бас тартты. Мен полицейлердің бұлайша бар айғақты жойып жібергеніне әлі сене алар емеспін, бұл қылмыс қой», - дейді өзге куәгер Рүстем Есбатыров.

«Зорлау - сыра ішкендей оңай дүние болып кетті. Себебі зорлаушыларға полиция жақтас болып отыр», - деп күйінді Рүстем Есбатыров.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстан Рио Олимпиадасында 17 медаль жеңіп алды

Өзбекстан боксшылары үш алтын алып, Қазақстаннан озып кетті

Түркияда үйлену тойы кезінде теракт болып, 50-ге жуық адам көз жұмды (видео)

Риодағы әділетсіздікке шыдамаған моңғолдар кілемде шешініп тастады (фото)

Ақтауда алты жастағы қызды ұрлап, кейін зорлап кеткен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1227622-kuager-esikte-bolghan-zhappay-zorlauda/

pixel