Ақтауда дәрігерлер зорланған алты жасар қызды Астанаға әкелетін болып шешті
Жарияланған күні:
Ақтауға елордалық Ана мен бала орталығының мамандары келді. Астана дәрігерлері қыз баланы қарап, оны Астанаға жеткізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат tumba.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Олардың айтуынша, қыздың жағдайы бұрынғыша ауыр, алайда төмендеу динамикасы байқалмайды.
«Біз баланың сырқатнамасымен таныстық. Балаға диагноз қойылды. Оның өміріне төніп тұрған қауіп сақталуда. Ол есін әлі жиған жоқ. Оған әрі қарай Ана мен бала орталығындағы жағдаймен яғни мамандандырылған көмек ала отырып емделу қажет», - дейді Ана мен бала орталығының балалар анастезиолог-реаниматологы Болат Жұманиязов.
Бала әуе жолымен жеткізіледі.
«Біз дәрігерлік консилиум өткіздік. Дәрігерлер емдеу жүргізуде осындай тактикалық әрекеттерді дұрыс деп тапты. Мамандар оны тасымалдау жауапкершілігін өз мойындарына алды», - деп атап өтті облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Кәмшат Тұрсынбекова.
Орталықтың дәрігерлері жансақтау бөлімінде жатқан басқа да балаларды қарап шығып, оларды емдеуге қатысты ұсынымдарын берді.
Еске сала кетсек, оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болды. 6 жасар қыз әжесімен дүкенге бірге барғанда оны белгісіз біреу ұрлап кеткен. Екі сағат бойы өздері іздеп таба алмағасын олар полицияға шағымданған.
Қыз бала кешке қарай ес-түссіз күйде «Нұр плаза» жағажайына қарсы бетте табылған. Ол дереу аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.
Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 120 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тағы оқыңыздар:
Тіс ауруын басатын 7 тәсіл
Елеусiнов: «Олимпиадада жеңдiм» деп бокспен қош айтыспаймын
Оралда "ерекше" жандардың үйлену тойы өтті (фото)
Назарбаев Олимпиада чемпиондарын «Барыс» орденімен марапаттады (фото)
Назарбаев: Ольга Рыпакованың «қола» медалі де «алтынға» татиды
Назарбаев: Ниязымбетов пен Левитті Олимпиаданың алтын жүлдегері деп санау керек (фото)
Жұма сайын мешітке барып, дұға тілеген орыс әйелдің ұлы ауыр сырқаттан жазылып кетті
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1233821-aqtauda-darigerler-pedofilden-zorly/