Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қоқыс жәшігінен ер адамның кесілген басы табылды (фото, 18+)

Жарияланған күні:

Алматыда қоқыс жәшігінен ер адамның кесілген басы мен аяқ-қолдары табылды деп хабарлайды Zakon.kz порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

Таңға қарай Абылай хан даңғылының бойындағы көпқабатты үйлердің біріндегі қоқыс жәшігін тұрақты үй-күйі жоқ ер адам ақтарып жатып, контейнердің ішінен адам шошырлық нәрсе тауып алады.

Спортық сөмкенің ішінен киім-кешек пен екі пакет шыққан. Ол пакеттердің бірінен  25-30 жастағы ер адамның кесілген басы, ал екіншісінен аяқ-қолдары табылған.

Қатты шошыған ол кісі көп жүретін көше жаққа қарай жүгіреді, сол жерден жол полициясы экипажын көреді. Ол табылған сөмке туралы айтып, полиция қызметкерлерін оқиға орнына алып барған.

Оқиға болған жерге жеткен полицейлер бұл туралы жедел-орталық кезекшілік қызметкеріне хабар береді.  Аталған жерге тез арада жедел тергеу тобы мен криминалистер жетеді. Төңірек қоршауға алынды.

Белгісіз ер адамның кім екенін сот-криминалистикалық сараптама анықтайтын болады. Оқиға орнына жақын жерде тұрғын үйлерден бөлек, балабақша мен гимназия орналасқанын атап өту керек.

Тағы оқыңыздар:

Маусымды сәтсіз бастаған «Барыс» бапкерсіз қалды

Ақтауда 6 жасар қызды аяусыз зорлаған педофил қолға түсті

Назарбаев Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қызметін жеке өзі бақылайтынын айтты

Назарбаев «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директорына тапсырма берді

Қоқысқа кеткен миллиондар: 1 қыркүйекте ұстаздарға гүл сыйлау міндетті ме? (фото)

Шымкенттік ана ырымдап Жазира Жаппарқұлға сәбиін түкіртіп алды (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1243497-almatyda-qoqys-zhashiginen-kesilgen-ad/