Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстікте құлдыққа түскен жігіт екі аяғынан айырылды

Жарияланған күні:

Оңтүстік Қазақстанда мал іздеп шыққан жігітті бәзбіреулер күштеп екі апта бойы құлдықта ұстаған деп хабарлайды КТК арнасы. 

6 жыл бұрын Өзбекстаннан қоныс аударған Ертай Сарыағаш ауданына қарасты Біртілек ауылындағы жиенінің үйінде жүрген. 7 қаңтар күні жоғалған тайлағын іздеп шыққан оны зіңгіттей 3 жігіт әй-шәй жоқ ниваға күштеп мінгізіп, ауылдан 4-5 шақырым жердегі қора ішіне қамапты. Күніге таяқтың астына алып, екі апта бойы сиырлардың астын тазалатқан.

"Кейін  мал бақпаймын, жіберіңіз дедім. Ұрып басымнан таяқтады. Кейін атқа сүйреді  аяғымнан байлап қойып. Тас қып байлады", - дейді жәбірленуші.

Күнделікті соққыдан әлсіреп есінен танған Ертайды қаскөйлер жақын маңдағы ауылға апарып, иесіз ғимаратқа тастап кетіпті. Күп болып ісіп, көгеріп кеткен аяқтарын дәрігерлер тобықтан жоғары кесіп тастаған.

Ертайдың айтуынша, қорада өзінен басқа құлдықта тағы 4-5 адам болған. Бірақ арыз қабылдаған полицейлер қорадан құл таппақ түгілі, Ертайды ұрғандарды қамамай жібере салыпты.

Ал оның арызынан кейін қораны малынан адамына дейін тексердік деген полицейлер тұщымды ештеңе айта алмай отыр.

"Қылмыстық кодекстің 389 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ол «өздігінен билік ету». Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Және полиция қызметкерлерімен осы қылмысқа қатысы бар деген күдіктілердің тұлғасы анықталу үстінде", - дейді ОҚО ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.

Үйінен шыға бере құлдыққа түскен Ертай енді өзін мүгедек қылғандар мүлдем жазасыз қала ма деп алаңдаулы. Былтыр ғана үйленген жігіт бір айдан кейін әке болғалы жатыр екен.

Алайда өздігінен жүріп-тұрудан қалған Ертайға жасанды аяқтан өзге психологиялық көмек те қажет. Себебі, 24 жастағы жігіт қазір құлдықтан құтылса да, тыныш ұйықтай алмайды.

Тағы оқыңыздар:

Түркияда "Ислам мемлекетіне" арналған журнал жарық көруде

Путиннен көмек күткен қырғыз зейнеткері миллион сомынан айырылып қалды

Майк Тайсонға еліктеген Ермахан Ыбырайымов бетіне тату салып алды (фото)

Павлодарда анасымен керісіп қалған оқушы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)

Қирағалы тұрған ЭКСПО ғимаратының суреті халықты тағы да дүрліктірді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1409429-onhtustikte-quldyqqa-tusken-zhigit-eki/