Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде кәсіпкердің ірі ақшасын жоғалтып алған жолсерік өзіне қол салды (фото)

Опубликовано:

10 жылдан бері «Ақтөбе-Шалқар» пойызында жолсерік болып жасаған Әділбек Елегеновтың денесі көрші тұратын әпкесінің үйінің шатырынан табылды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Бауырларының садақасына дайындалып, қайғыдан қан жұтып отырған туыстары оның біреулердің ықпалымен өзіне қол жұмсауы мүмкін екенін айтады. Әпкесінің айтуынша, інісі біреудің «жеткізіп бер» деген ақшасын пойызда жоғалтып алған.

«Оқиға өткен жылы 11 сәуірде болды. Шалқарлық кәсіпкер жолсерік болып жүрген ініме қағазға оралған ақшасын қалаға жеткізіп беруін сұрайды. Ол өз орнындағы шкафқа ақшаны қойып, кілтін сол жерде ілулі тұрған киімінің қалтасына салады. Пойызда жүрген тексеруші полиция қызметкерлері менің інімнің вагонына келіп отырған. Кейін тамақ ішуге шығады. Қасына полиция қызметкерінің біреуі еріп шығады, екіншісі іште қалады. Келесі аялдама Ембі қаласынан іште отырған полиция қызметкерінің балдызы мінген. Ол «балдызыма орын тауып берем» деп басқа вагонға кетіп қалған. Қалаға жақындағанда інім шкафын ашқанда ақша болмайды. Бірден полицияларға жүгіріп барып «Ойнап болсаңдар ақшаны беріңдер» дейді. Олар «алған жоқпыз» деген соң Қандыағаш бекетінен полиция шақырған», - дейді апасы Гүлнәр Исмағұлова.

Сол жерде тексеру болғанымен ақша табылмаған. Әпкесі ішінде қанша ақша болғанын інісінің білмегенін айтады. «Кейін інімді Шалқар ауданына полицияға жауап беруге шақыртқан. Сол кезде ақша берген жігіт нотариус арқылы «1млн. 100 мың теңге ақша бердім» деп ініме қол қойғызып алады. Мен ақшаны інімнің алғанына сенбеймін. Ол біреулердің ойынының құрбаны болып отыр. Жарты жыл ішінде ол ақшаға бірдеңе алғанын көрер едік. Соңғы кездері інім Шалқарға баратын пойызға жолсерік болғысы келмей кетті. Вагон әкелуге барып, басқа жұмыстарға сұранып жүрді. Шалқардағы кәсіпкердің ақшамды тауып бер деп мазалап жүргенін кейін білдік», - дейді әпкесі.

Туыстары 42 жастағы азаматтың асылып қалуына біреудің ықпалы бар деп күдіктенеді.

«Ініме біреу қоңырау шалып, 3 қараша күні үйден шығып кетті. Содан келген жоқ. 5 қараша күні көрші тұратын әпкемнің үйінің шатырынан асылып тұрған жерінен тауып алдық. Бірден полицияға хабарласып, солар шешіп алды. Оның салбырап тұрғанына екі күндей уақыт болған. Денесі қарайып кеткен. Сол кезде полиция інімнің нөмірі арқылы ақша сұрап жүрген жігітке хабарласты. «Ақшаны әкелдім, қай жерге апарайын» дегенде ар жағындағы адам дұрыс сөйлеспей «өзі біледі» деп телефонды басып тастады. Інімнің телефонына соңғы рет сол адамнан «Бала, ақша қайда?» деген хабарлама келген», - деп түсіндірді әпкесі.

Баласының қоңырау соққанда асығып шыққанын соңғы рет анасы көрген. «Баламды соңғы рет көрген өзім. Мені қолына алып бағып отырған кенже балам еді, үйі қаңырап бос қалды. Әйелі болды, екі жыл бұрын үш баласын ертіп кетіп қалды. Балаларымды ұрлыққа үйреткен жоқпын. Осы уақытқа дейін де ондай әңгімелерін естіген жоқпын. Қайдан білейін, 7 бала туып, өмір бойына жұмыс жасаған адаммын. Сол күні ештеңе деместен жұқа курткасымен асығып шығып кетті», - дейді анасы Сәуле Әжіғалиева.

«Өзіміз жоқтап отырғанда шалқарлық кәсіпкер өліп қалған інімді сотқа беріп отыр. Оның алдында қорғаушысы «қарызын сендер өтейсіңдер» деп келіп кеткен. Анығын білмейміз, бірақ, қайта-қайта қоңырау шалып, қысым көрсетті ме деп солардан күдіктенеміз. Олар бізге қайыр айтып та келген жоқ. Біз бас садақасы деп қорғаушысынан 350 мың теңгені береміз, қырық күндігі болатын күні алып кетсін дедік. Келген жоқ. Содан кейін мүлде бермейміз деп отырмыз. Өзіміз жылап, садақаға дайындалып жатқанымызда сотқа шақыратындары жанымызға батады»,- деп мұңын шақты Гүлнәр Исмағұлова. 

Тағы оқыңыздар:

Ел билігіндегі ең сымбатты шенділер кімдер?

Өзін "Коре" руынан санайтын кәріс қызы қазақ тіліне ессіз ғашық

Баян Есентаева сүйіктісі екеуіне тап берген бойжеткеннің кім екенін айтты

Депутат мұғалімдерді халық санағынан босатып, жалақысын көтеруді сұрады

Аудандық әкімдер жаман жолдардың кесірінен қымбат көліктер алуға мәжбүр

Қазақстанда ең көп жалақы алатын маман иелері белгілі болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1411348-aqtobede-kasipkerdinh-iri-aqshasyn-zhogh/

pixel