Алматы облысында 15 жігіт үш азаматты аяусыз ұрып-соқты (фото, видео)
Жарияланған күні:
Алматы облысы Есік қаласында аяусыз соққыға жығылған екі тұрғын болған жайтты NUR.KZ тілшісіне айтып берді.
Ағайынды Талғат пен Таймас Срымов оларға 15 адамның жабыла тап берген сәтін есіне алды.
«Бауырым мен досым үшеуіміз Есік кафелерінің бірінде медициналық бизнес жобаны талқылап отырдық. Таймас - хирург, досым - стоматолог, ал мен - программистпін. Түнгі бірге дейін кафе жабылғанша әңгімелесіп отырып қалдық. Кейін көшеге шыққанымызда, соңымызға бір топ жігіт түсті», - дейді зардап шегуші Талғат Срымов.
«Үш адамнан тұратын алғашқы топ бізге жақындап, жанжал шығара бастады. Артынша, тағы бесеуі келіп, бізге қоқан-лоққы көрсетті. Одан кейін тағы бір топ жігіт жетіп келді. Барлығы 15 адам болғанда, олар бізге тап берді», - деп жалғастырды ол.
«Олар бізді еш себепсіз аяусыз соққыға жықты. Мен оларға бірге-бір шығыңдар деп айқайласам да, олар қорқау қасқырларша жабылып ұрды. Олар мені беттен теуіп, көпірден лақтырып жіберді», - дейді Талғат Срымов.
«Тергеушілердің айтуынша, тап берушілер түріктердің «Евразия» атты донер сататын дүңгіршегінен шыққан. Дүңгіршек қожайындары сыртқы бейнебақылау камерасы жұмыс істемейтінін алға тартқан. Олар тек алты-жеті жігіт дүңгіршектен шықты деп тергеушілерді жаңылыстыруға тырысты», - дейді соққыға жығылған хирург.
Зардап шегушілер тергеуші жолдаған төрт күдіктінің фотосын көрсетті.
«Тергеуші күдіктілердің бұған дейін бұзақылық бабымен жауапқа тартылғанын айтуда. Оларды бұған дейінгі бұзақылықтары үшін қамауға алуға тырысқанда, бірнеше айға Түркияға кетіп қалып отырған екен. Мәліметтер базасында есімдері жазылып тұрса да, кеден бақылауынан өтіп жүрген», - деп таңданысын жасырмады зардап шегуші.
«Олар тексерістен қалайша қашып құтылуда? Екі ел арасында түк болмағандай қыдырып жүр. Түркияға ұшып кетіп, кейін қайтып орала алады. Бірдеңе бүлдірсе, қайта ұшып кетеді. Бұл олардың қаржылық жағдайы жақсы екенін және ойына келгенді істеп жүргенін байқатады», - дейді Талғат Срымов.
Таймас Срымовтың төменгі жақ сүйегі сынып кеткен. Ал Талғаттың беті мен денесі қанды ісікке толған. Полицияны әлдеқайда азырақ соққылар алған ағайындының досы шақыртты.
Алматы облысының ІІД баспасөз қызметі басшысы Айман Мырзекова NUR.KZ порталына ресми түсініктеме берді.
«Бұл жайт 19 ақпан күні Есік қаласында болған. Бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл жайтқа қатысы бар барлық күдіктілер анықталды, олардың екеуі қамауға алынған. Екеуі де 1995 жылғы Есік қаласының тұрғындары. Бұл іс Алматы облысының ІІД бақылауына алынды», - дейді ол.
Тағы оқыңыздар:
Эстония Астанадағы ЭКСПО көрмесіне қатысудан бас тартты
Елімізде тендерді оп-оңай ұтып алатындардың дәуірі аяқталмақ
Сағадиев енгізген электронды күнделікті министрдің балалары қолданбайтын болып шықты
Астанада тұңғыш рет шала қазақтардың отырысы өтті (фото)
Түркияда Ердоғанның түрмедегі шақтары туралы фильм түсірілді
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1424503-almaty-oblysynda-15-zhigit-ush-azamatty-aya/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.