Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туған балдызын зорлап, айуандықпен өлтірген азғын оқиғаның қалай болғанын айтып берді (видео)

Опубликовано:

Туған балдызын зорлап, артынан буындырып өлтірген ер адам оқиғаның қалай болғанын баяндады деп хабарлайды patrul.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Әйелінің кәмелеттік жасқа толмаған сіңілісін зорлады деген күдікті Өскеменге қашып бара жатқан жерінен ұсталды.

Қанды оқиға Алматы облысы, Қаскелең округ орталығында наурыздың 31 күні орын алған.

Кінәсін мойнына алған қылмыскер оқиға болардан бірнеше күн бұрын ащы суды жиі ұрттайтыны үшін әйелімен ұрсысып қалғанын айтты. Ашуланған әйелі балаларын алып Ұзынағаш ауылындағы туыстарына кетіп қалған.

Наурыздың 31-і күні әйеліне жұмысқа шығу керек болып, 17 жастағы жиені Әйгерімге балаларын қосып, үйіне жібереді. Бір күн бұрын ішкен арағынан басы ауырып жатқан ер адам балаларын аулаға ойнауға жіберіп, оқушы қызға дүкеннен арақ алдырған.

Ешқандай қауіп сезбеген Әйгерім үйдің ішін де жинастырып қояды.

"Тағы да ішіп алып, оған тиісе бастадым. Бәрінің қашан жүзеге асқанын білмеймін. Сағат он екі мен бірдің арасы. Ісімді бітірген соң, оны тұншықтырып тастадым. Сосын кілемге орап, диванның астына тығып қойдым", - дейді ұсталған қаскөй.

Оны полиция қызметкерлері сәуірдің 1-і күні құрықтаған. Қылмыс жасағанда ішіп алғанына қарамастан, ол оқиғаның бүге-шүгесіне дейін айтып берді.

Қазіргі таңда тергеу ісі жалғасып жатыр.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Бэкхемдердің 5 жасар қызы әлемдік жұлдыздарға арнап сән топтамасын жасап шығарды

Ерекше даусымен таңғалдырған зағип қызға көпшілік сүйсінді (фото, видео)

Павлодарлық ана жоғалып кеткен ұлынан қайта оралуын жалынып сұрады

АҚШ-та тамақ жеуден жарысқан екі адам көз жұмды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1456715-tughan-baldyzyn-zorlap-ayuandyqpen-ol/

pixel