Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмбақ жағдайда қаза болған от жағушының балалары апатты жағдайда күн кешіп жатыр

Опубликовано:

Пожарный идет к очагу возгорания
Иллюстративное фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

1 қаңтар күні Қарағанды облысы Шахан кентінде көпқабатты үйдің құлауы салдарынан қаза тапқан от жағушы Майрамбек Жиембаевтың отбасы суық еденде жатып, күн көруде. Бұл туралы NUR.KZ порталы 101tv.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрсила мен Назерке - Шаханда қаза болған Майрамбек Жиембаевтың қыздары. Үш және бес жастағы балақайлар анасы Фатимамен бірге бір бөлмелі суық үйдің еденінде жатуға мәжбүр. Олармен бірге Фатиманың ағасы да тұрып жатыр.

Фатима қыздарының артық ештеңе сұрап отырмағанын, тек үнемі әкесін қайтаруды қалайтынын алға тартты. Майрамбектің бес жасар үлкен қызы Назерке - әкесіне тартқан ақкөңіл әрі белсенді жан. Ал кіші қызы анасына тартқан екен.

Бүгінде пәтерде адамдар әдеттегіден көп. Қостанай мен Өзбекстаннан келген туыстар Майрамбектің қырқына дейін қонақтайтын болады.

Туысқандары отбасына қиын-қыстау кезеңде қол ұшын беруде.

Майрамбек жары Фатимамен Өзбекстанда танысқан. Бір-біріне құлай ғашық болған олар қашан да бірге болуға уәделескен. Олар көп ұзамай оралмандар ретінде Қазақстанға көшіп келеді. Отбасын асырау үшін кез келген ауыр жұмысты істеп келген Майрамбек қайғылы жағдайда мерт болатынын ешкім күтпеген.

Сол түні Майрамбек үйге беті күйік шалған күйі келген. Фатиманың айтуынша, ол қатты шошып қалған. Ештеңені түсіндіре алмастан ұйықтап жатқан қыздарын бетінен сүйіп, қайта жұмысына кетіп қалыпты. Жұмыс орнында жарылыс болғанын айтып, сол жаққа баруы тиіс екенін ғана айтқан. Содан кейін Майрамбекті үш ай бойы хабарсыз кеткендер қатарына жатқызып келді.

БАҚ көздерінде оның өз кінәсін мойындап, жасырынып жүргені туралы ақпарат та тарап үлгерген. Алайда қар ерігеннен кейін сәуір айында Майрамбектің мәйіті табылды.

Осылайша, Майрамбек Шахандағы жарылыстың оныншы құрбанына айналды. Зардап шегушілер қоры Фатиманың отбасына миллион теңге көмекке берді. Фатимаға жарылған подъездегі пәтерлердің бірі беріліп қалуы мүмкін. Алайда пәтер бірінші кезекте жетімдерге берілетіндіктен, Назерке мен Нұрсиланың далада қалуы ғажап емес.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Қазақстан дәрігерлерді оқыту үшін 80 млн қарыз алды

Түркиядағы танымал емханада отаны дәрігерлер емес, роботтар жасайды

Қатерлі ісікке шалдыққан алты баланың анасы лашық үйде күнелтуге мәжбүр

Депутаттар тасқыннан зардап шеккендерге біркүндік табыстарын аудармақшы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1471366-shakhandaghy-zharylystan-koz-zhumghan-ot-zha/

pixel