Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік бойжеткен әжетханаға түсіп кетіп қаза болды

Опубликовано:

Жексенбі күні Шардара қаласындағы дәмханалардың біріне қарасты әжетханадан бойжеткеннің мәйіті табылды деп хабарлайды Замана басылымы.

Бұл жөнінде басылымға Қуаныш Нұртөреев есімді азамат хабарлады.

«Аудан орталығындағы «Глобус» дәмханасының әжетханасынан адам мәйіті табылды дегенді естігенде таңқалдық. Кейін белгілі болғаны, марқұм орталықтағы мекемелердің бірінде хатшы болып қызмет атқарып жүрген екен. Әзірге оны кім, не үшін, қалай, қашан өлтіргені белгісіз. Тіпті мәйітті алғаш кім тапқаны жөнінде де айтылып жатқан жоқ.

Тек ұзынқұлақтан бұл қылмысқа қатысты екі жігіт ұсталды дегенді естідік. Бірақ ол мәліметтің де қаншалықты рас-өтірігін білмейміз. Жалпы, Шардарада қыз жоғалыпты деген хабарды естімеп едік. Соған қарағанда, қайғылы оқиға жақын күндері болса керек-ау деген болжам бар», - деп жазады басылым.

Осы оқиғаға қатысты басылым Шардара аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Аппаз Тұрғанбаев­қа хабарласып, болған істің мән-жайын да анықтаған.

«Марқұмның денесінде ешқандай жарақат жоқ. Қыз бай­қаусызда әжетхана тесігіне түсіп кеткен. Шымкентте тағы да қосымша сараптама тағайындалды.

Қыздың салмағы 44 келі, бойы 150 сантиметр екен. Ал әжетхана тесігінің ені 25, ұзындығы 55 сантиметр екені анықталды. Сөмкесі мен телефонын кірген жерде есік алдына қойған. Бір күн жатып қалыпты, кейін сол жердегілер байқаған.

Қызды біреулер өлтіріп әжетханаға тастапты деген – бекер әңгіме, ұсталған да адам жоқ. Тағы айтамын, мәйітте ешқандай да жарақат жоқ. Денесінде де зорлық-зомбылық ізі жоқ», - дейді Аппаз Тұрғанбаев­.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Қазақстан "Сөмкемде бомба бар" деп әзілдеген ауғандық елшіні кешіретін болды

Азаматтық авиация комитетінің басшысы отставкаға кетті

Чемпиондармен көңіл қосқан спортшы қыз бақытын қалай тапты? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1482267-shymkenttik-boyzhetken-azhetkhanagha-tus/

pixel