Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада аспалы көпірден құлап кеткен алты жасар бала суға кетіп қалды

Жарияланған күні:

Астанада алты жасар бала аспалы көпірден құлап, суға кетіп қалды. Бұл - бір отбасының ғана емес, бүтін бір тұрғын алабының ортақ қайғысы болып отыр. Өйткені, 200 шаңырақ қоныстанған мөлтек ауданды қаламен байланыстыратын төте жол - осы көпір ғана екен. Ал елорда шенеуніктері жаңа өткел былай тұрсын, ескіні жөндеуге де асықпайтын сыңайлы.

Жеткіншек құлап, ажал құшқан көпір сымдармен тартылған. Алайда кісі көп өтіп немесе қатты жел тұрса өткел тербеліп, кішкентай бала жиегінен, ал ересектер ернеуінен асып құлап кетуі мүмкін.

Тағы оқыңыздар: Астанада алты баламен киіз үйде тұрып жатқан отбасы көмекке мұқтаж

23 қыркүйектегі қайғылы жағдай да дәл осылай болған. Әке-шешесімен келе жатқан Еркін көпірден суға құлап кетіпті. Құтқарушылар баланың денесін 1 тәуліктей іздеп әрең тапқан.

"Жақсы жол болғанда балам ондай болмас па еді? Қазір қасымызда жүрер ме еді? Осындай жолымыз. Басқа жол жоқ бізде. Осы жолмен күнде өтеміз. Өткен сайын есімізге түседі. Сол мостымен жүргіміз де келмейді қазір", - дейді қайтыс болған Еркіннің анасы Сұлушаш Темірбекова.

Жүрмеске амал жоқ. Олар тұрып жатқан «Западный» саяжайынан шығатын екінші жолмен аялдамаға дейін 16 шақырым екен. Сондықтан көлігі жоқтар еріксіз осы көпірмен өтуге мәжбүр.

"Әкімдік керек қылмайды. Керек қылса осыны баяғыдан бері жөндеп бермей ме?Ағашы бәрі сынып жатыр. Көктемде су келгенде тіпті жаман", - деп шағымданды тұрғындар.

Осы саяжайда 14 жыл тұрып жатқан Райхан апа көпірден құлағандар бұған дейін де болған дейді. Алайда, оны ескеріп, шара қолданып жатқан ешкім жоқ деп отыр.

Тағы оқыңыздар: Жұмыстан шығып қалған әйелдер қолаң шаштарын сатып күн көріп отыр

Қайғылы жағдайдан кейін қала шенеуніктері қауіпсіздік шараларын қолға алыпты.

"Уақытша қоршаулар орнатылып, белгілер қойылып жатыр. Әрине ол уақытша ғана жағдайлар. Ол көпірдің кейінгі тағдыры қалай болатыны әкімдік басшылары шешетін болады", - дейді Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы.

Ол шешімнің қашан қабылданатыны нақтыланбады.

Саяжайлықтар "Жөндесін деген талабымыз ескерілмей, қыл көпірдей болса да жалғыз өткелімізді алып тастамаса екен», - деп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1630827-astanada-aspaly-kopirden-qulap-ketke/