Әйелін пышақтап тастаған сақалды жігіттің анасы жылап тұрып оқиғаның мән-жайын айтты
Жарияланған күні:
13 қараша күні тапа-тал түсте әйелін пышақтап, қансыратып көшеге қалдырған сақалды жігіт Хайрулла Нарметовтың анасы тілшілерге пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі Еуразия арнасының жаңалықтарына сілтеме жасап.
Қамауға алынған Хайрулла Нарметов Жәмила Нарметованың жалғыз ұлы екен. Келінімен ұлының отау құрғандарына 11 жылдың жүзі болғанымен, жақында ажырасып тынған. Умида екі баласын алып төркініне кетіп қалыпты. Ал Хайрулла құрылыста жалданып жұмыс істеп жүрген.
«Умиданың шешесі жиі келіп жағдайларың жоқ, үйлерің суық деп сөге беретін. Ақыры алып кетті қызын. Қанша рет бардым артынан «үйге қайт» деп. Жағдай жоқ болса жастар өздері жасамай ма? Менің балам сөз тыңдайды. «Кел, бірігіп жұмыс істеп, жағдай жасайық» десе көнеді ғой. Хайрулланы осы күйге, мына жағдайға түсірген мамасы мен келінім», - деп жылады жалғыз басты ана.
Әйелін пышақтаған сақалдының әңгімесі ауыл арасына тарап кетіп, кейбірі қой мінезді Хайрулладан ондайды күтпегенін айтып жүр.
«Өзі айтып жүретін менің басыма бірдеме болды деп. Бір нәрсе себеп болды немесе әйелі қатты ашуландырған ғой. Біз одан ондай оғаш қылық күтпедік. Сене алмай жүрмін», - дейді көршісінің бірі.
Естеріңізге сала кетсек, шымкенттік сақалды жігіт әйелін христиан дініне кіріп кеткені үшін пышақтағанын айтып, видео түсіріп әлеуметтік желіге салған еді. Қансыраған әйелін көшеге тастап кеткен. Оны жолда өтіп бара жатқан біреу көріп қалып, көлігімен №1 Шымкент қалалық ауруханасына жеткізіп, дәрігерлер шұғыл ота жасаудың арқасында аман алып қалды.
1983 жылы туған күдікті қазір Шымкент қаласы Қаратау аудандық ІІБ қамауда отыр.
Тағы оқыңыздар:
"Қазақстан үкіметінің өкілі" элиталық пәтерден бөлек төрт қымбат көлік сатып алған (фото)
Отандық шенеуніктердің сымбатты ұлдары туралы не білеміз? (фото)
Астананың элиталық ауданында балшық кешіп жүрген тұрғындар билікке жанайқайын жеткізді (фото)
Ресейліктер бала туу көрсеткішін көтеру үшін қазақстандық жігіттерді көмекке шақырмақ
Атышулы Дәурен мен Ақботаны әріптестері сынап тастады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1677266-ayelin-pyshaqtap-tastaghan-saqaldy-zhig/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.