Қостанайда жігітіне ренжіген қыз аязда үсіп қала жаздады
Жарияланған күні:
Қостанайда жас бойжеткен сүйіктісімен ерегісемін деп аязда үсіп өле жаздады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
19 қаңтар күні түзеу мекемесінің қызметкерлері әуежай ғимаратынан үш шақырым жерден қимылсыз жатқан қала тұрғынын тауып алған.
"Жедел бөлімнің бастығы, әділет майоры Ілияс Боқаев қардағы ізді көріп, сол ізбен жүріп отырған. Үш шақырым жерден ол қарда жатқан қызды көреді. Зардап шеккен қыз қимылсыз күйде болған, қатты тоңғандықтан сөйлей алмаған", — деп жазылған хабарламада.
Аталған оқиға 19 қаңтар күні сағат 21.00 шамасында қоныс колониясының маңында болған. Кезекшілікте болған УК 161/11 мекемесінің аға инспектор-психологы, әділет капитаны Динара Мадиярова біреудің айқайлағанын естиді.
Ер адам Қостанай — Федоровка автожолына жақын маңда көмек сұрап тұрған. Жанжалдан кейін оның дос қызы автокөліктен түсіп, үйіне жаяу кеткені анықталды.
Департаменттегілер жұма күні сынап бағанасы 28 градус аязды көрсеткенін атап өтті.
"Алдымен әділет майоры Ілияс Боқаев пен әділет капитаны Асхат Баламбаев қызды өнеркәсіптік аймаққа қарай жаяу іздеп шықты. Содан кейін әділет капитаны Нұрсұлтан Жұмашев пен әділет аға лейтенанты Диас Нұрахметов көлікпен көмекке келген", — деп нақтылады ІІД.
Ұрысып қалған қыз бен жігітке медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Бір кесе ыстық шай ішкеннен кейін жігіт қыздан кешірім сұрады.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1713120-kostanajda-zigitine-renzigen-kyz-aazda-sip-kala-zazdady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.