Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

52 адам тірідей жанған автобустан шығатын дыбыстар Ақтөбе жұртының зәресін алды (фото)

Опубликовано:

Халықаралық жолда 52 жолаушысы тірідей жанып кеткен автобус қаңқасы ақтөбеліктерге үрей әкелген. Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласындағы «Қазавтожол» мекемесінің ауласында тұрған автобус қаңқасынан мекеме күзетшілері қорқып жүр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеліктер 52 жылаған адамдардың даусын естіп шошып жүр
Ақтөбеліктер өртенген автобустан жылаған адамдардың даусын естіп шошып жүр: UGC
«Бетін жауып тастаған автобус қаңқасынан түнгі мезгілде жанұшыра жылаған адамдардың дауысы естіледі, көмек сұрап талықсып шыққан дауыстан мекеме күзетшілері қорқады екен. Қаңырап тұрған автобуста түнгі уақытта елестер жүреді» деген тылсым әңгіме ақтөбеліктердің арасында тарап кетті.

Мекеме ауласынан төбесі көрініп тұрған автобусқа жолаушылар да қорқынышпен қарайды. Ажал автобусына қатысты сан-саққа жүгірген әңгімені әркім әртүрлі айтып жүр.

Мекеме басшыларының өзі ауласында тұрған автобусқа қатысты пікір білдіруге жүрексініп отыр.

Ақтөбеліктер 52 жылаған адамдардың даусын естіп шошып жүр
Ақтөбеліктер 52 жылаған адамдардың даусын естіп шошып жүр: UGC
«Мен журналистердің сол автобус туралы сұрағандары үшін басшылығымнан ескерту алып отырмын. Бұл құпия материал, біздің әрбір сөзіміз үшін қылмыстық іс қозғалып кетуі мүмкін. Ол ішкі істер министрлігі мен прокуратураның бақылауында тұрған іс.
Сондықтан біз бұл автобусқа қатысты ешкімге ешнәрсе айта алмаймыз. Екі халықтың арасында түсініспеушілік туғызуға болмайды. Жылаған дегенді білмеймін. «Бүлінгенде бүлдіргі бар» дейді, бұл автобусты қозғамай-ақ қойыңдар», - деді «Қазавтожол» мекемесі басшыларының бірі Аманжол Өтемұратов.

Өртенген автобусқа қатысты облыстық ІІД-нің өзі пікір білдіре алмады. Ал дәрігерлер жанған автобустан аман қалған екі Өзбекстан азаматынын елдеріне қайтарылғанын айтты.

Олар осыған дейін облыс орталығындағы жедел жәрдем ауруханасында ем алған болатын.

Айта кетсек, 18 қаңтар күні 57 жолаушы мінген автобус «Самара-Шымкент» тас жолының Ақтөбе облысына қарасты тұсында жанып кеткен болатын. Қауіпсіздік ережелерін сақтамай, өз бетімен жылынған жолаушылар өрт басталғанда автобустан шыға алмай қалған.

52 жолаушысы жанып кеткен автобустан бес адам аман қалды. Оның үшеуі автобус жүргізушісі деп түсіндірілді.

Ақтөбеде аман қалған автобус жүргізушілері қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1714765-52-adam-tiridej-zangan-avtobustan-sygatyn-dybystar-aktbe-zrtyny-zresin-aldy-foto/

pixel