jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    АЖ
    Айжан Жолдасбаева
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте бір отбасын қырып кеткендер үйді өртеп, қылмысын жасырмақ болған

    : UGC

    Шымкентте бір отбасы мүшелерін айуандықпен өлтіргендер қылмысын жасыру үшін үй ішінде газ қосып кеткен. Осылайша қанды қолды қылмыскерлер жасаған ісін жасырмақ болған көрінеді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

    Шымкентте бір отбасын қырып кеткендер үйді өртеп, қылмысын жасырмақ болған
    Шымкентте бір отбасын қырып кеткендер үйді өртеп, қылмысын жасырмақ болған: UGC

    Бір отбасын жайратып салған қылмыс туралы полицейлерге бірінші болып жанұяның күйеу баласы хабар берген. Көршілердің сөзінше, қанды қолды қылмыскерлер үй ішінде газ қосып кетіпті. Осылайша қаскөйлер қылымысын жасырмақ болған көрінеді.

    "Жағдайды естігінде шошып кеттік. Негізі бұл жағдайды бірінші болып осы үйдің күйеу баласы көрген. Құдай сақтап дер кезінде келген. Аз ғана уақыттың ішінде үйде қосулы тұрған газ жарылып кетер еді. Жақсы отбасы еді. Жалғыз басты ананың өзі бала-шағасын асырау үшін таң азаннан жұмысқа кететін"-дейді көршісі .

    Шымкентте бір отбасын қырып кеткендер үйді өртеп, қылмысын жасырмақ болған
    Шымкентте бір отбасын қырып кеткендер үйді өртеп, қылмысын жасырмақ болған: UGC

    Сондай-ақ полицейлер он үш жастағы баланың денесін үйдегі керуеттің астынан тауып алыпты. Болжам бойынша, жеткіншек қылмыскерлерден тығылу үшін керуеттің астына кіріп кеткен. Мұны байқаған қаскөйлер жас баланы да аямай пышақтап кетіпті.

    ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір осы іске қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер үш адамның мәйітін анықтады, олар 50-55 жас шамасындағы әйел және 22 және 13 жастағы екі жас баланың мәйіті болып шықты.

    Шымкентте бір отбасын қырып кеткендер үйді өртеп, қылмысын жасырмақ болған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.