Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда екі жасар бала тісін емдетемін деп көз жұмды

Опубликовано:

22 ақпан күні Қарағандыдағы жеке тіс клиникаларының бірінде екі жасар бала қайтыс болды. Дәрігерлер сәбидің тісжегін вена ішілік наркоз егу арқылы емдемек болыпты деп хабарлайды ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Қайғыдан қара жамылған отбасының досы Ольга Никулина БАҚ өкілдеріне баласы өлген ата-ананың өтініші бойынша хабарласып, оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Оның сөзіне сүйенсек, Семённың ата-анасы оны Қарағандыдағы жеке тіс клиникаларының біріне алып барған. Сәбидің тесжегін емдеу үшін дәрігерлер вена ішілік наркоз еккеннен соң, ол анафилаксиялық шок тудырады.

Дәрігерлер наркоз салмас бұрын баланың анасына екі құжатқа қол қойдырып, оның келісімін алған екен. Алайда әйел сәбидің кей тамақ түрлеріне аллергиясы барын ескертіпті. Осыған қарамастан тіс емшілері аллергияға ешқандай анализ жасатпастан, наркозды егіп жібереді. Содан кейін бала бірден есінен танып, жүрегі тоқтап қалады.

Жедел жәрдем келгенше дәрігерлер оған адреналин салып қайта жандандырады. Ал, жедел көмек жеткен соң баланы бірден ауруханаға жеткізген. Дегенмен бірнеше сағаттан соң бала есін жимастан реанимация бөлімінде қайтыс болыпты.

Айта кету керек, Ольга Никулина мен Семённың ата-анасы Ресей Федерациясының азаматтары. Сондықтан баланың денесін жерлеу үшін ата-анасы Ресейге алып кетіпті. Сондай-ақ, полицияға тіс клиникасындағы дәрігерлердің үстінен шағым жазған.

NUR.KZ сайтында қалай пікір қалдыру керектігін мына жерден көре аласыз>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1718725-karagandyda-eki-zasar-bala-tisin-emdetemin-dep-kz-zmdy/

pixel