Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаһарлы көктем: Қостанай облысында екі адам үсіп қала жаздады

Опубликовано:

Қостанай облысында Көктал ауылының тұрғындары жапан далада адасып кеткен деп жазады Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қаһарлы көктем: Қостанай облысында екі адам үсіп қала жаздады
Қаһарлы көктем: Қостанай облысында екі адам үсіп қала жаздады: UGC

Өткен жексенбіде 46 жастағы ер адам мен 47 жастағы әйел Қарамеңді ауылына қарай жаяу шығып, ауа райының қолайсыздығынан жолды таба алмапты.

Адамдардың ай далада адасып кеткені туралы хабар құтқарушыларға 22.00 кезінде жеткен. Құтқару тобы ер және әйелмен телефон арқылы хабарласады.

Ер адамды сағат 02.40 кезінде тапқан, ал әлі құрып, әбден қалжыраған әйел 03.00-де табылыпты. Тұрғындардың қол-аяғы жеңіл-желпі үсіп, ауруханаға жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1720509-kaarly-kktem-kostanaj-oblysynda-eki-adam-sip-kala-zazdady/

pixel