Алматыда 23 жастағы бойжеткенді танысы жеке пәтерге алдап апарып, аяусыз зорлаған (видео)
Жарияланған күні:
Алматыда 23 жастағы бойжеткенді таныс жігіті алдап жалдамалы пәтерге апарып, аяусыз зорлаған. Ал оның екі досы қызды ұрып-соққан. Соның салдарынан қыздың миы шайқалып, мұрны сынған деп хабарлайды «Еуразия» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Әбден қорқып қалған бойжеткен болған оқиғаны туыстарына дер уақытында айтпаған. Бәрі белгілі болған кезде бұл іске оның туыстары араласқан. іске жақындары араласқан.
«Ештеңе айт алмадым қорықтым. Мазам да болмады» - дейді жәбірленген Индира Байәділова.
29 қаңтар күні жігіт қызды киноға шақырып, артынша ағаммен таныстырамын деген желеумен жалдамалы пәтерге алып барған. Онда ішімдікке сылқия тойып алған екі досы күтіп отырыпты. Олар бойжеткенге тиісіп, тіпті бірі соққыға жығыпты. Соққының қатты болғаны соншақылық, есінен танып қалған. Пәтерде қамап ұстап, дегенімізге көнбесең бұл жерден шықпайсың деген танысы бір өзі арам ойын жүзеге асырған.
«Рүстем біраз сағаттан кейін шығарып тастады. Шығарып, дос баласының үйіне апарды. Мені алдады. Құлап түстім деп айта сал. Қорықтым мен, мамама да жүрегін ауыртып қоям ба деп. Мамама ештеме айтпадым да» - дейді жәбірленуші Индира Байәділова.
Анасы тәртіп сақшыларына күдіктілердің телефон нөмірі, тіпті жеке куәлігінің көшірмесіне дейін тауып бердік дейді. Сөздерін дәлел ретінде жәбірленушінің әпкесі тергеушімен болған арадағы әңгімені таспаға басып алған.
«Уже удостоверениесіне дейін бердік. Барлығы түгел ғой, ана бала 1988-ші жылғы, Ардақ деген. Мен білем ғой, Ардақтың ұрғанын. Ол Ардақ деген қазір Алматы қаласында жоқ. Оперлар үйіне барды, кеше де барды. Күтті, қонды, аңдыды, жоқ. Сіздерді вообще түсінбей жатырмын. Прокуратураға жазу керек пе? Жазыңыз, жазыңыз! Прокуратура іздемейді, Сіздерге тауып бермейді», - деген әңгіме өрбиді тергеуші мен Индираның әпкесінің арасында.
Айта кетейік, жәбірленуші мен туысының тек бір ғана тілегі бар. Олар қылмыс жасаған адам өз жазасын алатынына сенімді. Қазір күдікті азаматтарға әздеу жарияланыпты.
«Баланы тапсын, жазасын алсын. Басқа ешнәрсе демеймін. Мен қалай қиналсам, солай қиналсын. Тергеушілерге телефонын тауып бердім, олар ешқандай іздеген жоқ, телефондарын бердім» - дейді Индираның анасы Гүлнәр Төлендиева.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1720590-almatyda-23-zastagy-bojzetkendi-tanysy-zeke-pterge-aldap-aparyp-aausyz-zorlagan-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.