Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында 7 көлік соқтығысып қалды (видео, фото)
Опубликовано:
Оңтүстік астанадағы Әл-Фараби даңғылының Мустафина көшесіне жақын тұсында жеті бірдей көлік соқтығысып қалды деп хабарлайды Chp_kz парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Куәгерлердің айтуынша, Тoyota Land Cruiser Prado Әл-Фараби даңғылыннда батыс бағытқа қарай жүріп бара жатып, оң жақ шеткі Audi Q7 көлігін басып озады.
Дәл осы уақытта Mercedes-Benz S class та қатты келіп, Toyota мен Audi-ді озбақ болады. Осылайша, Audi-дің артқы есігін соғып, ол Toyota Land Cruiser-ге қарай қашқан.

Mercedes соққысынан Toyota Camry келе жатқан сол жақ жикке қарай жылжып кетеді. Нәтижесінде бірнеше көлік соқтығысып қалады.


Алдын ала мәліметтер бойынша Suzuki көлігін тізгіндеген ару мен Daewoo жүргізушісі зақымданғанып, ауруханаға жеткізілген. Полиция істі жіті тексеріп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1723673-almatydagy-l-farabi-dagylynda-7-klik-soktygysyp-kaldy-video-foto/