Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігерлер үмітін үзген сәтте көзін ашқан бала дертінен құлан-таза айығып кетті (фото)

Опубликовано:

13 жастағы Tpeнтoн Maккинлидің басынан өткен оқиғаны естіген адам таңданбай қоймайды. Ауыр дертінің әсерінен клиникалық өлімге ұшырап, 15 минут жүрегі соқпай қалған жеткіншектен дәрігерлер үміт үзіп, аппараттан ажыратпақ болғанда Трентон тіріліп кеткен деп хабарлайды usa.one сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: usa.one
Фото: usa.one: UGC

Осыдан екі ай бұрын балақай асфальтке басымен құлап, артынша тіркемеге соғылған. Осы соққыдан ол бас-сүйек жарақатын алып, миы шайқалады.

Бас сүйегі 7 жерінен сынған бала, ауруханада 4 рет клиникалық өлімді басынан өткереді.

Фото: usa.one
Фото: usa.one: UGC

Соңғысы клиникалық өлімнен соң дәрігерлер Трентонның аман қалмайтынын айтып, аппараттан ажыратпақ болады. Осы сәтте бала құдіреттің күшімен көзін ашқан.

"Балама екі ота жасалып, сол аралықта ол төрт рет өліп-тірілді. Жүрегі тек адреналиннің көмегімен соғып тұрды. Қан қысымы 40/20-ға түсіп кеткен. Дәрігерлер баладан үміт үзілгенін айтып, оның органдарын науқас 5 балаға беруімді сұрады. Олар баланы дүйсенбіге дейін аппаратпен ұстайтынын, содан соң ағзасын алатынын айтты. Мен рұқсатымды беріп, құжаттарға қол қойғалы жатқанмын. Жексенбі күні балам құдіреттің күшімен есін жинап, өз-өзіне келе бастады ", - дейді баланың анасы Джeнифep Peйндл.

Өзінің бірнеше күн бойы өзге жерде жүргенін айтқан 13 жастағы жеткіншек бүгінде дертінен айығып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1739404-drigerler-mitin-zgen-stte-kzin-askan-bala-dertinen-klan-taza-ajygyp-ketti-foto/

pixel