Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай тұрғыны жаңа танысқан әйелді шалбардың бауымен тұншықтырып өлтірді

Опубликовано:

Қостанай тұрғыны жаңа танысқан әйелді шалбарының бауымен тұншықтырып өлтірді. Бұрын сотты болған азамат көшедегі белгісіз әйелге көмек көрсеткен. Алғыс ретінде ер адамды үйіне шақырған әйел ажал құшты деп хабарлайды қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: tomiks33.ru
Фото: tomiks33.ru: UGC

Жаңа танысқан әйелдің үйінен тамақтанған ер адамға азаматшаның ескертуі ұнамай қалған.

"Ішімдікті шектен тыс іштің" деген әйелді шалбарының бауымен тұншықтырған ер адам оны өлтіріп тынған. Қозғалыссыз қалған әйелдің тамырын ұстаған азамат оның өлгенін біліп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Айта кетейік, күдіктіні алысқа ұзатпай, құқық қорғау қызметкерлері қолға түсірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1740310-kostanaj-trgyny-zaa-tanyskan-jeldi-salbardy-bauymen-tnsyktyryp-ltirdi/

pixel