jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ақтөбе облысында ер адам жыныс мүшесін ұстаған танысын өлтіріп тастады

    : UGC

    Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында ер адамды аяусыз соққыға жығып өлтірген 31 жастағы сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы өзінің жыныс мүшесін ұстаған танысының үйіне қонуға барған. Өзінің әуретті жеріне жабысқан танысын ер адам өлтіріп тынды деп хабарлайды kerek.info сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Фото: pixabay.com
    Фото: pixabay.com: UGC

    Қайғылы оқиға биыл наурыз айында Ембі қаласында болған. Сол күні марқұм Петропавл қаласына жұмысқа ауысқанын атап өтпек болады. Сөйтіп, бірнеше адаммен бірге халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында ішімдік ішеді. Кейін көңілді отырыс олардың бірінің үйінде жалғасады.

    Ішімдікке сылқия тойған олар сотталушының үйіне қона кетуге келіседі. Сот материалдарына қарағанда, түн ортасында Арнұр Қ. ( аты-жөні өзгертілді-ред) өзінің жыныстық мүшесін ұстаған марқұмның әрекетінен оянып кеткен. Ол бұған ашуланып, араларында жанжал туындайды. Ақыры сотталушы оны аяусыз соққыға жығып, өлтіріп тастайды. Сот отырысында ер адам өз қылмысын толықтай мойындады.

    Айтуынша, ол болған оқиға туралы полицейлерге өзі хабар берген. Ол сотта марқұмға ауыр дене жарақатын әдейі келтірмегенін, мүгедек анасы барын айтып ақталды. Бірақ сот оны кінәлі деп тауып, жаза кесті. Сот оны 8 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған.

    Ер адам жазасын орташа қауіпсіз түзету мекемесінде өтейді. Бұған қоса ол марқұмның ағасына 2 млн теңге моральдық залал төлеуі тиіс.

    Ақтөбе облысында ер адам жыныс мүшесін ұстаған танысын өлтіріп тастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.