Денис Тенді өлтірді деген екінші күдікті сырттай қамауға алынды
Жарияланған күні:
Алмалы ауданының соты Денис Тенді өлтірді деген екінші күдіктіні сырттай қамауға алуға санкция берді деп хабарлайды NUR.KZ
"Тергеу аясында сотқа Қылмыстық кодекстің 99 бабы 2-тармағы 8-тармақшасы бойынша қылмыс жасады деп айыпталып отырған Арман Бөрібайұлы Құдайбергеновті сырттай қамауға алу туралы қолдаухат түсті", — делінген хабарламада.
Сот өкілінің айтуынша, бұған дейін ұсталған Нұрәлі Қиясовқа қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алайда дәл осы уақытта ол Алмалы ауданының сотына жеткізілді.
"Арман Бөрібайұлы Құдайбергеновке қатысты 2 ай қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы санкцияланды", — деп толықтырды қалалық соттың басасөз қызметінен Sputnik Қазақстанға.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1743357-denis-tendi-ltirdi-degen-ekinsi-kdikti-syrttaj-kamauga-alyndy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.