Денис Тен жер қойнына тапсырылды

Опубликовано:

25 жасында қапияда қаза тапқан Денис Тенмен барша қазақстандықтар қош айтысты. Мәнерлеп сырғанаушыны қимаған достары мен әріптестері, жақындары мен қазақстандықтар Денис Тенді "Дружба" ауылындағы зиратқа жерледі деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Спортшының отбасына демеу болу мақсатында, жүздеген қазақстандықтар, танымал тұлғалар мазар басына бірге барды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Денистің анасы бұл оқиғаның барлығын түсірген БАҚ өкілдерінің ісіне қарсы болған.

"Сіздерге бұл шоу ма? Ұяттарыңыз қайда? Камераны өшіріңіздер", - деді көз жасына ерік берген спортшының анасы.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Айта кетейік, Денис Тенді Алматы мен Астана тұрғындары ақтық сапарға шығарып салды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Спортшының қазаны қатысты барлық жаңалықтарды мына жерден оқи аласыздар>>>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1743421-denis-ten-zer-kojnyna-tapsyryldy/