Өскемен тұрғынын тоңазытқыштан шыққан улы жәндік шағып алды
Опубликовано:
Өскемен тұрғыны тоңазытқыштан шықққан улы жәндіктен зардап шекті, деп хабарлайды Алтайньюс порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ол тоңазытқышта жеміс-жидектердің арасында жатқан сары түсті жәндікті лақтырып жібермек болып, саусақпен іліп алады. Сол мезетте жәндік шағып үлгереді.
Зардап шеккен әйелдің айтуынша, жеміс-жидектің кейбірі – саяжайдан, ал кейбірі базардан сатып алынған.
"Бұл бүйі тоңазытқышқа жеміс-жидекпен жылы жақтардан жеткен тәрізді. Адамға аса қауіп туғызбайды. Мұндай сәтте аса қобалжымау керек. Бар болғаны антигистаминді (қызба мен қышымаға қарсы аллергиялық дәрі) қолдансаңыз жеткілікті", – дейді №1 қалалық аурухана токсикологиялық бөлімінің меңгерушісі Александр Мейстер.
Аталған өрмекші типтес жәндік жеміс-жидек жәшіктерінің ішінде оңтүстік жақтардан келетін көрінеді.
Науқас қазіргі уақытта өзінің жағдайы жақсарғандығын айтып отыр. Тек жәндік шаққан жер аздап ауырсынады екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1743470-skemen-trgynyn-toazytkystan-sykkan-uly-zndik-sagyp-aldy/