Көкшетауда тастың астында қалған экскалаторшы екі аяғынан айырылып қалды
Опубликовано:
Ақмола облысында алтын өндіретін кеніште тастың астында қалған экскаваторшы екі аяғынан айырылды. 25 жастағы Мадияр Төлеубеков он күн бұрын ғана шаңырақ көтерген деп хабарлайды Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ұзақ уақыт бойы бірнеше тонна тастың астында езіліп, қимылсыз жатқан оның аяқтары жансызданып кеткен.
"Науқас бізге сағат 19:50-де түсті. Ол ұзақ уақыт тас үйіндісінің астында жатты. Аяғы езілгендіктен бірден ота жасалып, дәрігерлер оның аяғын кесуге мәжбүр болды", - деп түсіндірді Ақмола облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Алма Раева .
Айта кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай 21 шілде күні таңғы сағат 08:00-дер шамасында "Алтынтау-Көкшетау" ЖШС ашық кенішінде тау жынысын қопарып жатқан экскаватордың үстіне тастардың үйіндісі құлаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1743566-kksetauda-tasty-astynda-kalgan-ekskalatorsy-eki-aagynan-ajyrylyp-kaldy/