Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда алып қашқан күйеуі өлімші етіп сабаған келіншек із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Опубликовано:

Түркістан облысы Созақ ауданында 19 жастағы жас келін 4 күннен бері із-түзсіз жоғалып кетті. Алып қашудың құрбаны болған Жансаяны күйеуі бірнеше рет аяқ-қолы сынғанша сабаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Гүлмира Әбіқайдың Facebook парақшасынан алынды
Фото: Гүлмира Әбіқайдың Facebook парақшасынан алынды: UGC

Бұл жайында танымал тележурналист Гүлмира Әбіқай Facebook парақшасында жариялады.

"Күйеуі өлімші етіп сабаған Жансая таңғы 6-да үйден шығып кеткеніне бүгін төртінші күн. Содан бері оны көрдім-білдім деген адам жоқ. Жасы 19-да.

7 ай бұрын көрші ауылдың баласы алып қашыпты. Екі айдан соң төркініне көкала қойдай боп аяғы сынып келген. Үш айдан соң қолы шытынап тағы келіпті. Бұл жолы үшінші рет келгенде "келін болған жерден түңілдім" деп кесіп айтты. Шымкенттік жеңгелер қойсын ба, соңғы рет деп түнделетіп күйеуіне қайта қосқан. Таңғы алтыда енесі, күйеуі бәрі төсек сипап қалды. Жас келін белгісіз жаққа кеткен күйі жоқ", - деп жазды журналист.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1743912-trkistanda-alyp-kaskan-kjeui-limsi-etip-sabagan-kelinsek-iz-tzsiz-zogalyp-ketti-foto/

pixel