Оралда көлік ұрламақ болған тоғыз жасар бала бір аптада үш рет жол апатына түсті
Опубликовано:
Оралда тоғыз жасар бала бір аптада үш көлікті айдап әкетіп, үш рет жол апатына түсті деп хабарлайды "Мой город" порталына сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Өткен жексенбіде бала Hyundai автокөлігін айдап әкетіп, жөнделіп жатқан жолға қойылған бетон блокқа соғылған.
"Қазір біз автокөліктің қожайыны кім екенін анықтап жатырмыз. Эвакуатор шақырдық. Апат орнына ювеналді полиция қызметкерлері келді. Олар баланы үйіне алып барады", — деп хабарлады тергеуші.

Полицейлер бұған дейін жеткіншекті автокөлік айдап әкеткені үшін екі рет ұстаған. Алғаш рет ол бейтаныс адамның Suzuki көлігін мініп кетіп, жеңіл көлікті соғып кеткен.
Ол кезде әкесі оқиғадан аз ғана бұрын көбейту кестесін жаттап отырған баласының үйден қалай шығып кеткеніне таңғалған болатын.
Екінші оқиға үш күннен кейін болды. 9 тамыз күні кешкі уақытта балақай Toyota микроавтобусын айдап әкеткен. Жас көлік ұрысы рөлге ие бола алмай, көпірдің бетон тіреуіне соғылғаннан кейін ұсталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1747134-oralda-klik-rlamak-bolgan-togyz-zasar-bala-bir-aptada-s-ret-zol-apatyna-tsti/