Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мектеп түлегін өлтіріп кетті

Опубликовано:

Бүгін Алматыда мектеп түлегін өлтіріп кетті. Марқұм "Ақсай" университеттік клиникасының бас дәрігер орынбасарының баласы болған деп жазады NUR.KZ.

Фото: ВладТайм
Фото: ВладТайм: UGC

Қайғылы оқиға жөнінде ҚазҰМУ білім ордасының ресми сайтында хабарланған. Университет өкілдері ұлынан айырылып қалған бас дәрігер орынбасарына қайғыра көңіл айтқан.

"Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің ұжымы бас дәрігер орынбасары Ахашева Шахеризадаға ұлы Жануардың өліміне байланысты қайғыра көңіл айтады. Оны 14 тамыз күні өлтіріп кетті. Осы жазда ол мектепті тәмамдап, университетке түскен болатын.
Барлық ҚазҰМУ ұжымы марқұмның туыстарымен қоса қайғыруда", - деп жазылған университеттіңн ресми сайтында.

Қалалық ІІД оқиғаға қатысты мәлімдемені кейінірек жасайтындарын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1747460-almatyda-mektep-tlegin-ltirip-ketti/