Қарағандыда темір жолдан өтпек болған бала тоққа түсіп қалды
Опубликовано:
Қарағандыда темір жолды кесіп өтпек болған 10 жасар мектеп оқушысы тоққа түсті деп хабарлайды NUR.KZ.
"Жаңа Қарағанды" станциясында болған төтенше жағдайдан соң оқушы жансақтау бөліміне түскен. Оның денесінің 80% пайызын күйік шалған.
Куәгерлердің айтуынша, бала вагонға мінген сәтте, тоққа түскен.
Дәрігерлер баланың жағдайының ауыр екенін айтуда.
Ол қазір арнайы аппаратпен тыныс алып, ес-түссіз жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1748738-karagandyda-temir-zoldan-tpek-bolgan-bala-tokka-tsip-kaldy/