Шымкентте бесінші қабатттан құлап кеткен әйел ғажайыптың күшімен аман қалды
Опубликовано:
Шымкентте 27 тамыз күні Терешкова көшесінің бойында орналасқан үйлердің бірінің бесінші қабатынан 41 жастағы әйел құлап кетті. Бұл туралы NUR.KZ порталы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап жазады.

Көршілерінің айтуынша, әйел 41 жаста. Жақында инсульт алған ол бесінші қабаттағы асүйдің терезе маңында отыруды әдетке айналдырған екен.
"Біртүрлі дыбысты естіп, көшеге шыққанымда, оның жерде жатқанын көрдім", - дейді оқиға куәгері.
Әйелді жедел жәрдем алып кетті. Әйелдің қасындағы адамдардың сөзіне сенсек, ол терезеден секіріп кеткен. Зардап шегуші ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1749990-symkentte-besinsi-kabatttan-klap-ketken-jel-gazajypty-ksimen-aman-kaldy/