Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде 52 өзбек жігіті өртенген автобус жүргізушісі сұмдық жайттарды айтты

Жарияланған күні:

Ақтөбе облысында өртеніп, 52 өзбекстандық азаматтың өмірін қиған автобустың жүргізушісі оқиғаның анық-қанығын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: meduza.io
Фото: meduza.io: UGC

Ақтөбе облысының тас жолындағы өзбек азаматтарының өлімі бойынша іске қатысы бар күдіктілерді тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгін бұл оқиғаға қатысты автобус жүргізушісі Пернебековке көмектескен Барат Таңатов жауап берді. Ол Ресейден көлік сатып алу үшін автобуста жолаушы болып бара жатқан екен.

Таңатовтың сөзінше, 18 қаңтар күні қатты аяз болған. Өкінішке қарай, көлік соляркасы сапасыз болып, автобус жол ортасында тоқтап қалған көрінеді. Ал жолаушылар ызғарлы суықтан жаурай бастапты.

Жүргізушілер салонда жанармаймен бірге дәнекерлейтін шамды қолдану қауіпті екенін білгенімен, оны сол күні кім жаққанын аңғармаған екен.

Олар бұл істе өз кінәлары жоқ екенін айтуда.

"Мен таңғы 7:30-да оянғанда шамның жанып жатқанын, ал қасында жолаушылар жылынып отырғанын көрдім. Сол кезде мен оларға бұл қауіпті екенін айттым. Содан соң бізді алып кететін автобус тауып, тоқтатайын деп сыртқа шықтым. Менің соңымнан Қырғызбаев Мақсат та шықты. Пернебеков ол уақытта ұйықтап жатқан" ,- деді Барат Таңатов.

Екі жүргізуші тысқа шыққан кезде автобуста өрт басталып кетіпті. Адамдар 7-10 минуттың ішінде жанып кеткен екен.

"Біреу дәнекерлейтін шамды аяғымен түртіп жіберген көрінеді. Сыртқа аяғы жанып жатқан жолаушы жүгіріп шықты. Оның артынан тағы бір жолаушы мен Мақсат Пернебеков ілесіпті. Есік ашылғанда желден от лапылдап кетті. От барлық автобусты қамтыған екен.
Іштің барлығы қара түтін болып, ұлпалар шығып жатты. Ештеңе көрінбеді. Біз автобустың терезелерін сындырып, "секіріңдер" деп айғайладық. Салоннан айғайлаған дауыстар шыққанымен, ешкім сыртқа секірмеді",- деді Таңатов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1753152-aktbede-52-zbek-zigiti-rtengen-avtobus-zrgizusisi-smdyk-zajttardy-ajtty/