Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анасын құтқармақ болған 12 жасар бала өз әкесін атып өлтірді

Опубликовано:

АҚШ-та 12 жасар жасөспірім ата-анасының арасындағы жанжалға араласып, әкесіне оқ жаудырған. Анасын құтқарып қалмақ болған бала өз әкесін атып жіберген. Ер адам алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: NovostiVolgograda.ru
Фото: NovostiVolgograda.ru: UGC

Анықталғандай бұл отбасыда ұрыс-кесіртер жиі болып тұрған. Соңғы уақыттың өзінде ерлі-зайыптылардың арасындағы зорлық әрекеттер болған бес жанжал оқиға тіркелген.

Бұл жолы анасын арашалап алмақ болған бала, әкесіне бірнеше мәрте оқ жаудырды. Отағасы оқиға орнында бірден жан тапсырған.

Бүгінгі күні орын алған оқиғаны жергілікті билік кәмелетке толмағандар сотында қарастыруды ұйғарып отыр. Мектеп оқушысына әзірге айып тағылмауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1753667-anasyn-ktkarmak-bolgan-12-zasar-bala-z-kesin-atyp-ltirdi/