Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы ҚазҰУ жатақханасында студент қайтыс болды

Опубликовано:

Алматыда Қазақ Ұлттық университетінің жатақханасында студент қайтыс болды. Жас жігіттің өліміне қатысты оқу орны пікір білдірді деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kaznu.kz
Фото: kaznu.kz: UGC

19 жастағы Нұрдос Айтбаев кеше кешкісін қаза болған.

Қоғаммен байлыныс және имидждік саясат бойынша департамент директоры Дәурен Дүйсебаевтің сөзінше, қайғылы оқиға шашамен кешкі 20-00 шамасында орын алған. Бұл уақытта студенттер өз бөлмелерінде болған.

"Біреуі келіп студенттің жағдайы нашарлағанын айтты. Біз бірден жедел жәрдем мен полицияны шақырдық. Жедел жәрдем келгенімен бәрі кеш болды. Бұл жұмыспен құқық қорғау органдары айналысып жатыр", - деп мәлім етті ол.

Алдын-ала қойылған диагноз бойынша жас жігіт уланудан көз жұмған.

Дәурен Дүйсебаев сонымен қатар марқұммен бірге болған 17 жастағы жігіт жауап алу үшін полиция қызметкерлері алып кеткенін айтты.

Ол сондай-ақ, жігіттердің жатақханаға жақында орналасқанын да атап өтті.

"Бізге марқұмның көп балалы отбасынан шыққаны белгілі. Өзіміз есеңгіреп қалдық. Бұл ата-анасы үшін орны толмас қайғы. Біз оның отбасына материалдық көмек көрсетуге дайынбыз", - дейді Дүйсебаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1754658-almatydagy-kazu-zatakhanasynda-student-kajtys-boldy/

pixel