Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасымовқа бағынышты күзет басқармасының инспекторы полигонда ауыр жарақат алды

Опубликовано:

ІІМ Қалмұханбет Қасымовқа бағынышты арнайы күзет басқармасының инспекторы аяғының астына түскен гранатадан ауыр жарақат алып, ауруханаға түскен. Екі аяғының ортасына түскен гранатаны нұсқаушының өзі лақтырған деп хабарлайды 31 арна.

Қасымов. Фото: NUR.KZ, видеодан кадр. Коллаж: NUR.KZ
Қасымов. Фото: NUR.KZ, видеодан кадр. Коллаж: NUR.KZ: UGC

Осы салада үш жылдан бері қызмет етіп жүрген Райымбекке қатысты оқыс оқиға 3 қазан күні Астанаға жақын маңдағы полигонда орын алған.

Райымбек Рақымжановтың айтуынша, сол күні олар саптық жүріспен жүріп келе жатып, "жарылыс оң жақтан" деген команданы естиді. Бәрі сол жаққа құлаған сәтте, граната Райымбектің Рақымжановтың екі аяғының арасына, шабына жақын жерде жарылған.

Оқыс оқиғадан жарақат алған жас жігіттің әкесі баласының болашағы үшін алаңдаулы.

Райымбектің әкесі Нұрғалиевтің айтуынша, жарылыстан ұлының сан еттері жұлынып кеткен. Қуығына да жарақат келген.

Ал анасы ұлының ұрпақсыз қалатынына алаңдап, көз жасына ерік берген.

"Немере сыйлайды бізге деп қуанып жүргенбіз ғой. "Тойын жасаймыз, үйлендіреміз баламызды" деп. Ұрпақсыз қалатыны қатты қинайды. Басшылар не қарап отыр? Әскериден бір адам келген жоқ. Полковник пен инструкторы келді. "Біздің кінәміз жоқ ешқандай. Сіздің балаңыз дұрыс емес бұл жерде" деп маған кінә тағуда. Жарып тастайды. Онымен қоймай кінәні біздің мойнымызға артады", - деді Жанар Батырбекова.

ІІМ Ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың мәліметінше, қазіргі уақытта қызметтік тексеріс басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1757268-kasymovka-bagynysty-kzet-baskarmasyny-inspektory-poligonda-auyr-zarakat-aldy/

pixel