Керчь: Колледжде болған жарылыстан 10 адам көз жұмып, 50 адам жарақат алды (фото, видео)
Жарияланған күні:
Қырымның Керчь қаласындағы колледждердің бірінде ірі көлемдегі жарылыс болып, он адам қайтыс болды. Сонымен бірге, 50-ден астам адам жарылыс салдарынан жарақат алған. Бұл туралы Mash Telegram-каналы мәлім етті деп жазады NUR.KZ.
Дереккөздің хабарлауынша, қайғылы оқиға политехникалық колледжде орын алған. Кей деректер бойынша, төтенше жағдайдың орын алуына асханадағы тұрмыстық газдың жарылуы себеп болуы мүмкін.
Апат салдарынан 10 адам қайтыс болып, тағы 50-ге жуық адам жарақат алған.
Жарақат алғандардың саны әлі де өсуі мүмкін.
Mash басылымының хабарлауынша, оқу орны орталық газ құбырына қосылмаған. Сондықтан, асханадағылар газ баллондарын қосуы әбден мүмкін.
Сондай-ақ, төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік болған жайтқа қатысты әлі де ресми пікір білдірмей отыр. Олар Терроризмге қарсы ұлттық комитетке сілтеп отыр.
Бұдан бөлек, жергілікті ауруханаларға медициналық оқу орындарының студенттерін көмекке тартып жатқаны белгілі болды. Олар дәрігерлерге жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетуге қол ұшын созуда. Жарақат алғандардың көбінің жағдайы ауыр.
Сонымен бірге, дереккөздің мәліметінше, куәгерлер жарылысқа атыс себеп болуы мүмкін екенін айтқан. Алайда бұл деректердің рас-өтірігі әлі анықталмады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1758475-kerc-kolledzde-bolgan-zarylystan-10-adam-kz-zmyp-50-adam-zarakat-aldy-foto-video/