jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Теміртаулық азамат такси қызметінде істеген әйелді өлтіріп кеткен

    : UGC

    Теміртауда мас жолаушы такси жүргізушісін өлтірді деп күдіктеліп отыр. Қылмыс 6 тамыз күні болған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

    Көрнекі фото: abw.by
    Көрнекі фото: abw.by: UGC

    Тергеу нәтижелеріне сүйенсек, күдікті 5 тамыздан 6 тамызға қараған түні танысының үйінде болып, спиртті ішімдік ішкен. Түн ортасында азамат "Indriver" қосымшасы арқылы такси шақырыты. Тапсырысты 33 жастағы бикеш-жүргізуші қабылдаған.

    Көлікте онымен бірге құрбысы да болған екен.

    Досы мас жігітті көліктің артқы орындығына отырғызып, әмиянынан 5 мың теңге суырып беріпті. Жолда такси жүргізіп отырған ару ақша ұсақтау үшін дүкенге тоқтаған.

    Сол кезде жолаушы жүргізушінің артынан көліктен түсіп кеткен. Ару көліктің қасына қайта оралғанда мас жолаушы оған пышақ сұғып жіберіпті.

    Жәбірленуші жедел жәрдем келгенше қайтыс болып кеткен.

    Шабуылдан кейін күдікті оқиға орнынан жасырынбақ болады. Алайда оны куәгерлердің бірі ұстап алыпты.

    "Күдіктіге Қылмыстық кодекстің 99- бабы, 9-тармағы, 2-бөліміне сәйкес "Бұзақылықтан туындаған адам өлтіру" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс біздің сотқа жетті және қабылданды. Бірақ әлі отырыс күні белгіленген жоқ", - деді Қарағанды облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында.

    Теміртаулық азамат такси қызметінде істеген әйелді өлтіріп кеткен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.