jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қапыда қаза болған қазақстандық журналистер кімдер?

    : UGC

    Талантымен талайды тамсандырып, телеарна, БАҚ беттерінде өзіндік еңбегімен көзге түскен қазақстандық журналистер жетіп артылады. Өкініштісі, олардың кейбірінің ғұмыры тым қысқа болып, жұлдыздай жарқ етіп сөнген еді. NUR.KZ назарларыңызға қапыда қаза болған қазақстандық журналистердің тізімін ұсынады.

    Коллаж: NUR.KZ
    Коллаж: NUR.KZ: UGC

    2009 жылы жол-көлік оқиғасынан қаза болған таланатты журналистердің бірі – Руслан Бөлебай. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітіріп, студент шағынан бастап өз мамандығы бойынша шеберлігін шыңдай бастайды. Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген ол, небары 24 жасында өмірмен қош айтысады. Руслан Бөлебайды көрермендер келбеті келісті, білікті тележүргізуші, таланатты әнші ретінде жақсы таниды.

    Фото: Yvision.kz
    Фото: Yvision.kz: UGC

    "Қазақстан" ұлттық телеарнасының спорт жаңалықтарын жүргізуші ретінде көпшілікке танылған – Асылхан Өмірбекұлы да өмірден ерте өтті. Қатерлі дертке шалдыққан таланатты журналист 2016 жылы қайтыс болған еді.

    Асылхан Өмірбекұлы. Фото: facebook.com/asylhan.shakirov
    Асылхан Өмірбекұлы. Фото: facebook.com/asylhan.shakirov: UGC

    Қазақстандық көрермендер қапыда көз жазып қалған тағы бір журналист – ақтөбелік Айзат Әбдісамат болды. Жас журналист биыл сәуір айында лифтіге жаншылып, қаза тапқан еді. Марқұмның соңында бір қызы қалды.

    Фото: aktobetv.kz
    Фото: aktobetv.kz: UGC

    Ұлттық университеттің журналистика факультетін тәмамдап, өз елі – Ауғанстанға барып қаза болған журналистердің қатарында Саид Самим Фарамарз да бар. 27 жасында бақилық болған ол, әлемнің жеті тілін меңгерген білікті маман еді. Қазақстанда төрт жыл бойы оқыған журналист қазақ тілін де жетік меңгеріп алған екен.

    Фото: Almaty.tv
    Фото: Almaty.tv: UGC

    Қайғылы жағдайда қаза болған журналистердің қатарында NUR.KZ порталының тілшісі – Ирина Бекетова да бар. Ол отбасылық жанжалдың салдарынан, қыркүйек айының 25-інде өз үйінің ауласында қаза болған еді.

    Фото: rus.ozodi.org
    Фото: rus.ozodi.org: UGC

    Күні кеше ғана қазақ елі тағы бір талантты қыздарымен қош айтысты. 27 жастағы Әйгерім Мұсаева үйінен шығып кетіп, отбасына қайта оралмаған еді. Кейін оны поезд қағып өлтірген белгілі болды. Продюсер әрі журналистің соңында жолдасы мен екі баласы қалды.

    Фото: KYN.kz
    Фото: KYN.kz: UGC

    Қапыда қаза болған қазақстандық журналистер кімдер?

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.